Мазмұнға өту

Дакота Джонсон: Нұсқалар арасындағы айырмашылық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мазмұны өшірілді Content added
шӨңдеу түйіні жоқ
 
148-жол: 148-жол:
|Анастейша Грей
|Анастейша Грей
|}
|}
[[Санат:АҚШ актрисалары]]
[[Санат:1989 жылы туғандар]]
[[Санат:АҚШ модельдері]]
[[Санат:АҚШ модельдері]]

22:08, 2023 ж. желтоқсанның 22 кезіндегі соңғы нұсқа

Дакота Джонсон
ағылш. Dakota Johnson
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Дакота Майи Джонсон

Туған күні

4 қазан 1989 (1989-10-04) (35 жас)

Туған жері

Остин, Техас, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актриса, модель

Белсенді жылдары

1999 - қазіргі күндер

Марапаттары

Мисс "Алтын Глобус"

IMDb

ID 0424848

Дакота Майи Джонсон (ағылш. Dakota Mayi Johnson ; 1989 жыл 4 қазан) – америкалық актриса әрі модель.

Ерте өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дакота Джонсон актер Дон Джонсон мен Мелани Гриффит отбасысында, Остин, АҚШ, 4 қазан 1989 жылы туылды. Ол актриса Типпи Хедреннің немересі болып табылады. Ата-анасы ажырасқаннан кейін, Антонио Бандерас оның өгей әкесі болды.

Дакота Джонсон «Aspen Community School» мектебінде оқыды.

Модель бизнесіне тұңғыш рет 12 жасында қызығушылықты танытты. Осы кезде ол басқа да әйгілі адамдардың балаларымен бірге Teen VOGUE журналының фото түсіріліміне қатысты.

1999 жылы ол кішігірім рөлмен «Ережесіз әйел» фильмінде сынапқа шақты . Осы жерде оның әпкесі Стелла Бандерас та ойнапты . Олар басты әйел кейіпкердің қаздарын ойнады . Олардың анасы – Мелани Гриффит осы басты рөлді ойнаса, Антонио Бандерас фильмнің режиссері болды.

2006 жылы ол Мисс «Алтын Глобус» атағына ие болды. Бұл мәртебе әйгілі адамдардың балаларына беріледі.

2006 жылы Дакота IMG Models-пен келісімшартқа қол қояды. 2009 жылы болса, Дакота модель ретінде Mango бірлестігінің джинс желісіне қатысады.

Орта мектепті бітіріп ол William Morris Agency-мен келісімшарт орнатып, актерлік мансабын бастайды. 2010 жылы түсірілген «Әлеуметтік желі» оның тұңғыш фильмі болды. Фильм Оскардың 8 номинациясына ие болды, осының ішінде үздік фильм.

2012 жылы Дакота Э.Л.Джеймстің «Сұрдың елу реңкі» бестселлерінің экрандауындағы Анастейша Стил рөліне ие болды.

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дакота актер Джордан Мастерсонмен кездесіп, 2014 жылы онымен айырылысады. Шамамен 2014 жылдың көктемінен бастап Дакота музыкант әрі модель Мэттью Хитпен кездеседі, бірақ 2015 жылдың қаңтар айында Дакота Мэтьюмен де айырылысады.

Фильмография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жылы Қазақша атауы Шынайы атауы Рөлі
1999 Ережесіз әйел Crazy in Alabama Сондра
2010 Әлеуметтік желі The Social Network Амелия Риттер
2010 Жылтырағанның бәрі All That Glitters Дианция
2011 Қорқынышты сұлу Beastly Слоан Хаген
2012 Эллен үшін For Ellen Кинди
2012 Ешкілер Goats Минни
2012 Джамп көшесі, 21 21 Jump Street Фьюгэзи
2012 Кішкене үйленген The Five-Year Engagement Одри
2012—2013 Бен мен Кейт Ben and Kate Кейт Фокс
2013 Кеңсе The Office Дакота
2014 Менің досым – гей Date and Switch Эм
2014 Жылдамдыққа аңсау Need for Speed Анита
2015 Сұрдың елу реңкі Fifty Shades of Grey Анастейша Стил
2015 Цимбелин Cymbeline Имоджен
2015 Хлоя мен Тео Chloe and Theo Хлоя
2015 Қара салмақ Black Mass Линдси Кир
2015 Үлкен шалп A bigger splash Пенелопа
2016 Қалай жалғыз болу керек How to Be Single Элис
2016 Елу реңге қараңғылау Fifty Shades Darker Анастейша Стил
2017 Бостандықтың елу реңі Fifty Shades of Freed Анастейша Грей