31 арна (Қазақстан): Нұсқалар арасындағы айырмашылық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мазмұны өшірілді Content added
Өңдеу түйіні жоқ
Тег: Мобильді құрылғы Мобильді нұсқа Кеңейтілген мобильді өңдеу
Өңдеу түйіні жоқ
Тег: Мобильді құрылғы Мобильді нұсқа Кеңейтілген мобильді өңдеу
24-жол: 24-жол:
| үлес-қайнар =
| үлес-қайнар =
| негізін салушы = Арманжан Байтасов
| негізін салушы = Арманжан Байтасов
| иесі = «Верный Капитал» тобы
| иесі = «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры
| басшы қызметі = Бас директоры
| басшы қызметі = Бас директоры
| басшылары = Бек Кенжебай
| басшылары = Бек Кенжебай

01:46, 2024 ж. қазанның 3 кезіндегі нұсқа

31 арна
«31 канал» телерадиокомпаниясы» ЖШС
Ел

 Қазақстан

Хабар тарату аумағы

 Қазақстан

Хабар тарату уақыты

тәулік бойы

Хабар тарату тілдері

қазақша, орысша

Басқару орталығы

Алматы, Тәжібаев көшесі, 155

Бейне форматы

16:9

Арнаның тақырыптамалары

ақпараттық, ойын-сауық

Хабар таратуын бастады

12 сәуір 1993 жыл

Негізін салушы

Арманжан Байтасов

Иесі

«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры

Бас директоры

Бек Кенжебай

Сайт

31.kz

31 арна1993 жылы құрылған қазақстандық жекеменшік ақпараттық, ойын-сауық телеарна. Қазақ және орыс тілдерінде хабар таратады.

Телеарна туралы

1993 жылы 12 сәуірде «31 арна» хабар тарата бастады.

2001 жылдың 1 ақпанында ТРК «31 арна» Қазақстанның 14 қаласында жалпыұлттық тележелісін құрды.

2008 жылдың 1 наурызынан бастап «31 арнаның» хабарлар реті жаңа ойын-сауықтық үлгіге көшті: «31 арна» телерадиокомпаниясы мен «СТС Медиа», жаңа холдинг – «31 арна» компаниялар тобын құру туралы келісім-шарт жасасты. Қазір бағдарламалар реті, арнайы «31 арна» үшін жасалған және алынған, жергілікті және шетелдік бағдарламалық өнімдерден тұрады. Эфирдегі хабарлардың басым бөлігі телеарнаның қазақ тіліндегі өнімдері. «31 арнаның» негізгі көрермендері 6 мен 54 жас аралығындағы белсенді жандар.

«31 арна» эфирінде қазақ және орыс тілдерінде жаңалықтар, тақырыптық және көркем фильмдер, сериалдар ток-шоу, балалар хабарлары мен мәдени-тарихи және ойын-сауық бағдарламалар беріледі. Сапалы әзіл-оспақ жобалары – «31 арнаның» мақтанышы. Қазақ тіліндегі тұңғыш «Әзіл студио» әзіл-оспақ қойылымдары – үш жыл бойы көпшіліктің көңілінен шығып келеді. 2011 жылдың күзінен көрсетіле бастаған «Алға, жастар» әзіл-оспақ жобасы бірден көрерменін баурап әкетті.

Бұған қоса «31 арнадағы» қазақ тіліндегі жобалар: «Ризамын», «Қыздар-ай», «Талант-шоу», «Қазақша концерт», «Ғалам-тоp» жұртышылықтың қызығушылығын тудыруда. Бұл бағдарламалар арнайы біздің көрермендеріміз үшін жасалған және қазақстандықтардың табиғатына жақын әрі, түсінікті.

«31 арна» сапалы кино көрсетілімге де баса назар аударады. Дүйсенбі мен жұма аралығында және демалыс күндері көрермендерге әлемге аты әйгілі үздік режиссерлардың, беделді кинофестивальдардың сыйлығын иеленген картиналар және әлемдік кинематографияның классикасына айналған ең тартымды және қызықты фильмдер ұсынылады. 2011 жылы «31 арна» мен Paramount Pictures киностудиясы киноөнімдерді және The Walt Disney Company эфирден көрсетуге лицензиялық құқық беру жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Бұл қазақстандық телеарна мен ірі америкалық кинокомпанияның арасындағы тұңғыш жасалған келісім-шарт. Осы келісімге сәйкес, «31 арна» өз көрермендеріне компанияның жаңа өнімдері мен соңғы жылдардағы танымал фильмдерін ұсынатын тұңғыш әрі жалғыз отандық телеарна.

2023 жылы 20 наурызда «31 арнаның» ресейлік «СТС холдингз» иеленетін 20% акциясын «Верный капитал» компаниялар тобы директорының орынбасары Марлен Мырзабеков сатып алды.[1]

Радиостанция туралы

«Радио 31» радиостанциясы 1994 жылы 5 қазанда ашылды. 2005 жылы радионың республика бойынша желісі ашылып, Талдықорған, Екібастұз, Қарағанды қалаларында хабар тарата бастады. 2006 жылы радиостанция қазақстандық радиолар арасында алғашқы болып Қырғызстан астанасы Бішкек қаласы мен Қарақол қаласында хабар тарата бастады. 2010 жылы радиостанцияны Санжар Мұстафин сатып алды.[2] Қазіргі уақытта ол «Love Radio Kazakhstan» деп аталады.

Бағдарламалар

  • Информбюро. 1995 жылы «Тотем» телеарнасында Виктор Климовтың авторлығымен сараптамалық бағдарлама ретінде жұмысын бастады. 1996 жылы «31 арнада» жаңалықтар түрінде қазақ және орыс тілдерінде шыға бастады. [3]
  • Әзіл студио
  • Ризамын
  • TikTok show
  • 31 әзіл
  • Time Vine
  • What's up
  • 1001 Әзіл
  • BALA BATTLE[4]

"Informburo.kz" порталы

Informburo.kz — мультимедиялық ақпараттық-сараптамалық портал. 2015 жылы 4 мамырда "Мегаполис" басылымы негізінде іске қосылған. Жобаның меншік иесі — "Verny Capital" компаниялар тобына кіретін "Инфополис" ЖШС. Серіктесі — 31 арнадағы "Информбюро" бағдарламасы.[5] Портал іске қосылғаннан кейін "Мегаполис" газеті "InformБЮРО Мегаполис" деген атаумен шыға бастады. 2018 жылы газеттің соңғы саны шығып, жұмысын тоқтатты.[6] 2023 жылы "Информбюроның" телевизиялық және интернет-редакциялары бірігіп, 31 медиахолдингінің құрамында жұмыс істей бастады.[7]

Логотиптері

Басшылары

  1. Арманжан Байтасов (1992—2008)
  2. Нұржан Мұхамеджанова (2008—2011)
  3. Бағдат Қожахметов (2011—2018)
  4. Юрий Бродский (2018—2020)
  5. Екатерина Кочева (2020—2021)
  6. Құрманбек Жұмағали (2021—2023)
  7. Бек Кенжебай (2023—)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер