Эффузиялық тау жынысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
12:19, 2012 ж. желтоқсанның 15 кезіндегі SilvonenBot (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (r2.7.2) (бот изменил: tr:Erüptif kayalar на tr:Volkanik kayalar)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Эффузиялық Тау Жыныстары

Эффузиялық Тау Жыныстары (грек. effusіo – төгілу), жанартаулық тау жыныстары, вулканиттер – лаваның Жер бетінде немесе Жер қыртысының жоғары қат-қабаттары арасында суынуынан түзілген түзілімдер. Эффузиялық тау жыныстары жабын, тасқын түрінде қалыптасады. Бітімі көбінесе ағынды, кеуекті, бадамтасты, сирек шомбал. Құрылымы порфирлі. Құрамы әр түрлі; терең қабаттардағы тау жыныстарынан айырмашылығы – құрамында ультрақышқыл тау жыныстары мүлдем болмайды; ультранегізділер сирек кездеседі. Минералдық құрамында шыны, ірі кристалдар көп тараған. Қалыптаса келе эффузиялық тау жыныстарының шынысы кристалданады, бұзылып біраз өзгерістерге шалынады. Олардың атаулары тарихи қалыптасқан, интруз. сыңарларымен байланысы жоқ. Мысалы, граниттің эффузиялық сыңары риолит, габброныкі – базальт. Қазақстан жерінде қышқыл құрамды эффузиялық тау жыныстары девондық жанартаулық белдеуде кеңінен тараған. [1]

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ энциклопедиясы, 10 - том