Вальядолид
Қала | |||||
Вальядолид | |||||
Valladolid | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Автономиялық бірлестік | |||||
Провинция | |||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
41°38′ с. е. 4°43′ б. б. / 41.633° с. е. 4.717° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 41°38′ с. е. 4°43′ б. б. / 41.633° с. е. 4.717° б. б. (G) (O) (Я) | ||||
Қала статусы |
Х ғасыр | ||||
Жер аумағы |
197,5 км² | ||||
НУМ биіктігі |
691 м | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
315522 адам (2010) | ||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
983 | ||||
Пошта индекстері |
47001-47018 | ||||
ava.es (исп.) | |||||
Вальядолид шекарасы
| |||||
Ортаққордағы санаты: Вальядолид |
Вальядоли́д (ис. Valladolid [baʎaðoˈlið]) — Испания мемлекетінің солтүстік-батысында орналасқан қала,Кастилия и Леон автономиялық бірлестігінің құрамына енетін Вальядолид провинциясының әкімшілік орталығы.
Географиясы
Писуэрга өзенінің Эсгева өзенімен қосылысқан жерінде және Дуэро өзеніне құйылысқан жерінен жоғарыда орналасқан.
Тарихы
Қаланың құрылуы туралы ақпараттардың екі нұсқасы бар: біріншісі - римдіктер қаланың негізін қалаған және оған латынша vallis — «алқап» және кельт тілінде tolitum — «екі судың қосылысқан жері» деген екі сөзден тұратын атау берген.Ал екінші нұсқасы қаланың негізін арабтар қалаған және «белад валид» деген атау берген (аударылғанда "Валид(билеуші) қаласы" дегенді білдіреді.) Вальядолид Х ғасырда-ақ мавр тайпасының билігіне өткен алғашқы қалалардың бірі болған .Ал ХІ ғасырда Леон патшасы Альфонсо VI граф Педро Ансуреске Писуэрга өзенінің территориясына адамдарды көшіріп әкелуге тапсырма береді. 1208 жылы патша Альфонсо VIII Вальядолид қаласын сарай маңындағы қалаға айналдырады.
Экономикасы
Вальядолид қаласында Renault компаниясының көлік зауыты,Michelin компаниясының зауыты және осы компанияның бас кеңсесі Michelin España y Portugal және басқа да ірі өндірістік кәсіпорындар бар.
Транспорты
Қалада қалыпты жағдайда автобустар,темір жол желілері,халықаралық аэропорт жұмыс істейді.Мадридтен бастау алатын шапшаң пойыз желісі астанадан Вальядолидке дейінгі 200 км қашықтықты 1 сағатта жеңуге мүмкіндік береді.
Білім жүйесі
- Тағы қараңыз: Вальядолидский университет
Мәдениеті
1956 жылдан бері бұл қалада Еуропадағы ежелгі фестивальдардың бірі - "Вальядолидтегі халықаралық кинофестиваль" ( Seminci деген атаумен де танымал ) өткізіліп тұрады.Осы кинофестивальдың арқасында испан көрермендері Ингмар Бергман, Луис Бунюэль, Франсуа Трюффо, Анджей Вайда, Федерико Феллини, Эрманно Олми және Йылмаз Гюней сияқты танымал адамдармен кездесе алды.Фестиваль өзінің "кинолар үшін сынақ полигоны" деген атаумен танымал.1975 жылы дәл осы жерде Стенли Кубриктің "Бұрамалы апельсин" фильмінің тұсаукесері өтті.Seminci өзінің әрқашан тәуекелге бел бууға дайындығымен және бағдарламаларына жаңалық енгізіп отыруымен сипатталады.
Институттары
- Ayuntamiento de Valladolid
- Valladolid's Library
- Culture Foundation
- Tourism in Valladolid province
- City Hall of Valladolid
- University of Valladolid
- Miguel de Cervantes European University
- Fair of Valladolid
- Congress Center of Valladolid
Mұражайлары
- Museo de la Ciencia
- Museo Nacional de Escultura
- Museo Casa Cervantes
- Museo Casa de Cristóbal Colón
- Cristóbal Gabarrón Foundation
- Museo Casa de Zorrilla
- Oriental
- Patio Herreriano
Спорты
Реал Вальядолид - ұлттық футбол клубы,Сегундеге қатысушы.1928 жылы құрылған.Футбол жарыстары 26 512 көрермен сиятын «Нуэво Хосе Соррилья» стадионында өтеді.
Танымал жерлері
Басты алаң Plaza Mayor,шіркеулер San Pablo, Catedral,San Benito del Real,Campo Grande саябағы, Колумба алаңы.
Бауырлас қалалары
Тағы қараңыз
Сыртқы сілтемелер
- Городской совет
- Tourism in Valladolid province
- City Hall of Valladolid
- University of Valladolid
- Valladolid Airport
- Municipal Foundation of Culture
- El Norte de Castilla (newspaper)
- El Día de Valladolid (newspaper)
- Real Valladolid Football Club
- Public Transport (buses)
- Holy Week Association of Valladolid
- Valladolid´s photoblog
- Holy Week in Valladolid
- Описание Вальядолида с фото (русс.яз.)
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Valladolid |