Мазмұнға өту

Ислам және отбасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
19:34, 2013 ж. сәуірдің 3 кезіндегі EmausBot (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Перемещение 1 интервики-ссылки в Викиданные (d:Q1021425))
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Исламда неке қиюдағы мақсат тек қана табиғи қажеттіліктерді өтеумен шектелмей, сонымен қоса жақсы отбасы мен салауатты қауым құруды мақсат етеді[1]. Мұхаммед пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) мұсылмандарды үйленіп, отбасы құруға шақырып, бұл істің зинадан сақтап, тақуалыққа апаратынын айтқан. Ал үйленуге халі жетпейтін жастарға ораза ұстауды насихат еткен, себебі бұл тыйым салынған заттардан тыяды[2].

Рұқсат етілген неке

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шариғат бойынша мұсылман ерге мұсылман немесе кітап иелерінен (яһуди мен христиан) әйелдерге үйленуге рұқсат етілген. Ал мұсылман әйелдерге кез келген кәпірге үйлену, мейлі ол христиан, атеист, индуист болса да қатаң тыйым салынған, себебі Ислам бойынша күйеуі әйеліне қамқоршы саналады, әйелі оған бағынуы тиіс, ал иман келтірген әйелдерге басқа діндік адамның қамқоршы болуы мүмкін емес. Бұндай неке харам саналады[3]

Уйлену мен отбасы құрудың шариғаттағы үкімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Неке қию парыз болмағанымен, егер адамның жыныстық қатынасқа деген құлшынысы себебінен харамға түсу қаупі болса, ол міндетті түрде үйленуі қажет. Шариғат бойынша ер адамға төрт әйелге шейін алуға рұқсат етілген, бірақ оларға әділдік ете алмаса бір әйелмен шектелген жөн. Үйленер алдында болашақ жұбайлар бір-бірін оңаша емес (Шайтанның азғыруынан сақтану үшін үйленбеген ер мен әйелге оңаша қалу — харам), әйел адамның қамқоршысың қарамағында көріп, тақуалығын, Исламды ұстану деңгейін білу керек. Оның үстіне болашақ жұбай туралы сенуге лайықты адамдардан сұрауға болады, және бұл өсек саналмайды.

Көпшіліктің арасында таралған нанымға қарамастан, Исламда әйел адамды, не ер адамды мәжбүрлеп неке қидыртуға болмайды. Некенің шарты болып екі жақтың келісімі саналады. Неке заңды болу үшін әйел адамның қамқоршысы (уәли — әкесі, атасы, ағасы, көкесі немесе жақын тумалары) келісім беру керек. Уәлидің келісімінсіз қиылған неке заңсыз саналады[4].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Брак и развод в Ислам» — Шейх Мұхаммед әл-Усәймин (орыс.)
  2. «Облегенный фикх» — Мұхаммед ибн Ғаним әс-Садлән, 185-ші бет; «Мұсылман» баспа үйі, Алматы 2008 ISBN 978-601-7051-06-8
  3. «Облегенный фикх» — Мұхаммед ибн Ғаним әс-Садлән, 202-ші бет; «Мұсылман» баспа үйі, Алматы 2008 ISBN 978-601-7051-06-8
  4. «Облегенный фикх» — Мұхаммед ибн Ғаним әс-Садлән, 188-ші бет; «Мұсылман» баспа үйі, Алматы 2008 ISBN 978-601-7051-06-8