Төменгі сатыдағы аңдар
Эволюциялық тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Төменгі сатыдағы аңдар немесе (Metatherіa). Эволюциялық даму тұрғысынан қарағанда оның төменгі сатыдағы тұрған аңдардың құрылысындағы бір қатарбелгілерді байқауға болады. Төменгі сатыдағы аңдардың плацентасы нашар жетілген, көпшілігінде плацента тіпті болмайды. Соның нәтижесінде ұрықтың құрсақтағы даму мезгілі қысқа болады да, нағыз жетілмеген әлсіз ұрпақ туады. Мысалы, американың опоссумасының буаз болу мерзімі 12 күн болса, ал алып кенгурулар 39 күн ғана көтереді. Ұзындығы 2 м болатын алып кенгурудың туған баласы 3 сантиметрге азар жетеді. Кенгурулардан әлде қайда кіші күзендер баласын 36 күнде, ал күндыздар 105—107 күнде туады.
Биологиялық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Төменгі сатыдағы көпшілік түрлерінің құрсағында тері қалтасы болады. Оның ішіне жаңа туған балаларын салады, осы қалтаның ішіне балаларын емізетін емшектері де ашылады. Қалта болмайтын (опоссумада) түрлерінің емшегі көкірегінде немесе бүкіл құрсағын бойлай орналасады. Ұрпақтарының пассивті қоректенуіне сәйкес олардың анасының емшегіне бекінуіне өзіндік бейімделу әсер етеді. Емшектің ұшы ауыз қуысына енген соң ісініп, ауыз қуысын толтырады. Осы кезде баласының көмекейі жоғары көтеріліп, ауыз қуысы мен тыныс қуысы (хоан тесігі) бір-бірінен ажырайды. Сондықтан баласының аузына қарай сүт кұйылғанда ол тұншықпайтын болады. Сүттің ауызға құйылуын сүт бездерінің маңайында орналасқан ерекше еттер жиырылып-жазылу арқылы орындайды.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Омыртқалылар зоологиясы» С. П. Наумов- Алматы «Мектеп» баспасы