Күләш Сырымбетқызы Сәкиева

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
10:49, 2011 ж. маусымның 22 кезіндегі Amangali (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Жаңа бетте: '''Сәкиева Күләш Сырымбетқызы''' (21.4.1920 жылы туылған, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы [[Зайсан ауд...)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сәкиева Күләш Сырымбетқызы (21.4.1920 жылы туылған, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы) – актриса, әнші, Қазақстанның халық артисі (1958). Алматы театр училищесін бітірген (1941). 1941 – 52 жылдары Жамбыл драма театрының артисі. Алғашқы ойнаған рөлі – Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат» трагедиясындағы Луиза. Бұдан кейін Еңлік (Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде»), Баян, Қыз Жібек (Мүсіреповтің «Қозы-Көрпеш – Баян сұлуында» және «Қыз Жібегінде») рөлдерін орындаған. 1952 жылы Семей драма театрында қызмет етіп, Мехмене Бану (Хикметтің «Махаббат туралы аңызында»), Жүзтайлақ (Әуезовтің «Түнгі сарынында»), Анар, Майра (Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш орман емес» пен осы аттас драмасында), т.б. рөлдерді ойнады. 4-сайланымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 2 рет «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

Сілтеме

Тараз энциклопедиясы