Мазмұнға өту

Железин ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
23:01, 2023 ж. желтоқсанның 3 кезіндегі Kasymov (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Shaikhislamova z (т) өңдемелерінен Casserium соңғы нұсқасына қайтарды)
Қазақстан ауданы
Железин ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Павлодар облысы

Аудан орталығы

Железинка

Ауылдық округтер саны

12

Ауыл саны

33

Әкімі

Айтуған Абылайұлы Шайхимов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Железин ауылы, Әуезов көшесі, №19

Тарихы мен географиясы
Координаттары

53°33′ с. е. 75°21′ ш. б. / 53.550° с. е. 75.350° ш. б. / 53.550; 75.350 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°33′ с. е. 75°21′ ш. б. / 53.550° с. е. 75.350° ш. б. / 53.550; 75.350 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1938 жыл

Жер аумағы

7,7 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

15 222[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

орыстар (47,35%)
қазақтар (39,57 %)
немістер (5,94 %)
украиндар (2,84 %)
татарлар (1,42 %)
беларустар (0,76 %)
басқалары (2,12 %) [2]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

140400-140410

Автомобиль коды

14

Железин ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Железин ауданы

Железин ауданыПавлодар облысы құрамындағы аудан. 1938 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы – Железинка ауылы (облыс орталығы - Павлодар қаласынан 188 километр қашықтықта орналасқан).

Физикалық-географиялық сипаттамасы

Географиялық жағдайы

Ауданы 7,6 мың км². Солтүстігінде Ресейдің Омбы облысымен, солтүстік-батысында – Новосибирск облысымен, оңтүстігінде – Тереңкөл ауданымен шектеседі, шығысында – Ертіс ауданынан Ертіс өзені арқылы бөлінген.

Климаты

Аудан климаты қатал континентальды, көктем-жаз айларында құрғақшылық орын алады, жауын-шашын көбінесе жаз ортасында болады, жазда және қыста жоғарғы температура орына алады, кеш көктемгі және ерте күзгі салқындармен ерекшеленеді, жыл бойы жел соғып тұрады. Қаңтар-ақпан айларында ең төмен, ал маусым-шілде айларында ең жоғарғы температура байқалады. Қаңтардың орташа температурасы −18º −19ºС-қа, шілденің - +19º +20ºС-қа тең. Жауын-шашынның орта жылдық мөлшері— 275,5 мм, кейде 300 мм-ге жетеді. Жауын-шашынның көп түсетін кезі – маусым-шілде айларының соңында, кейде тамыз айында. 10 см қар жамылғысы қараша айының соңында бекиді, жоғарғы биіктікке ақпан айының соңы – наурыз айының басында жетеді.

Жер бедері мен гидрография

Аудан аумағы көбінесе жазық жер болып келеді, онда сазда мен көлдер тұнып қалған бітеу ойпаттар көп. Аудан аумағында Жарағаш, Айлақ және т.б. көлдер бар, Ертіс өзені ағып өтеді. Жер қойнауында табиғи құрылыс материалдары бар. Топырақ көбінесе қара, кейде сортаң түрі де кездеседі. Жусан, бетеге өседі, ауданның 18% -не жуығын қайыңдар алады. Қара топырақты жазықтар қайыңдармен бірге көркем ландшафт құрайды.

Флора және фауна

Аудан жерін орманды-дала белдемінің күлгін қара топырағы көмкерген. Онда бетеге мен селеу аралас әр түрлі шөптер өскен. Қайыңды және қайыңды-теректі (итмұрын, тал, мойыл аралас) орман шоқтары кездеседі. Ондай жерлерде шие, итмұрын, қарақат, жидек, бүлдірген өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, қоян, борсық, сарышұнақ, суыр; өзен мен көлдерде және оған таяу жерлерде қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, тырна, қызғыш, тауқұдірет, орман шоқтарында бұлан, елік, бүркіт, жапалақ, қарға, сауысқан, далада бозторғай, шымшық, т.б. мекендейді. Ертіс өзенінде ақ балық, бекіре тұқымдастар, алабұға, сазан, шортан, көлдерде шабақ, алабұға, т.б. кездеседі.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989[3] 1999 2009[4] 2021
 21810 37079 44632 39322 35761 26293 17849 14966

Ұлттық құрамы

Ұлттық құрамы (2012 жылдың 1 қаңтарына)

  • орыстар — 7 937 адам (46,15 %)
  • қазақтар —6 965 адам (40,5 %)
  • украиндар — 640 адам (3,72 %)
  • немістер — 946 адам (5,5 %)
  • татарлар — 254 адам (0,15 %)
  • белорустар — 143 адам (0,83 %)
  • басқалары — 312 адам (1,81 %)
  • Барлығы — 17 197 адам (100,00 %)

Халық санының динамикасы

1999 жылы халық саны — 26,3 мың адамды, 2012 жылы — 17,19 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 1999 жылы 1 км² 3,45 адамнан, ал 2012 жылы 2,23 адамнан келді.

Тарихы

1935 жылы 9 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Максим Горький ауданының бір бөлігінен орталығы Өрлітөбе ауылы болатын Өрлітөбе ауданы құрылды. 1938 жылы Павлодар облысы құрылып, Өрлітөбе ауданы аталған облыстың құрамына енді. Кейінірек аудан орталығы Железинка ауылына көшірілді. 1944 жылы 8 мамырда Өрлітөбе ауданының шағындалуы есебінен Михайлов ауданы (орталығы Михайловка ауылы) құрылды. 1957 жылы 25 қазанда Михайлов ауданы Өрлітөбе ауданына қосылды.

1960 жылы 26 желтоқсанда Тың өлкесі құрылып, Павлодар облысы құрамына енді. 1963 жылы 2 қаңтарда таратылған Өрлітөбе ауданының негізінде Железин ауданы құрылды.[5]

Әкімшілік бөлінісі

33 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген:

Ауылдық округ Халқы (2009) Елді мекендері
Ақтау ауылдық округі 548 Ақтау, Жолтаптық ауылдары
Алакөл ауылдық округі 776 Алакөл ауылы
Башмачин ауылдық округі 1364 Башмачное, Абай, Береговое, Кузьмино ауылдары
Веселорощин ауылдық округі 1198 Весёлая Роща, Дүйсеке, Жаңабірлік, Славяновка ауылдары
Еңбекші ауылдық округі 1124 Еңбекші, Уәлиханов ауылдары
Железин ауылдық округі 6174 Железинка, Аққайың, Захаровка, Моисеевка, Пятирыжск ауылдары
Қазақстан ауылдық округі 1329 Жаңа Жұлдыз, Есқара, Екішек ауылдары
Лесной ауылдық округі 910 Лесное, Крупское, Раздельное ауылдары
Михайлов ауылдық округі 2344 Михайловка, Красновка, Мыңкөл, Петропавловка ауылдары
Новомир ауылдық округі 495 Церковное ауылы
Озёрный ауылдық округі 448 Озёрное ауылы
Прииртыш ауылдық округі 1113 Прииртышское, Груздевка, Өрлітөбе ауылдары

Экономика

Аудан аумағы бойынша «Омбы—Қарасуық» теміржолы, «Павлодар—Железинка—Омбы», «Кашыр—Купино» автомобильді жолдары өтеді.

Ауыл шаруашылығы

Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: бидай шаруашылығы (бидай), сүт шаруашылығы, тары, қаратұмық, күнбағыс өсіріледі, ет, тері шикізаты өндіріледі. Ауылшаруашылық өндіріспен айналысатын 13 ауылшаруашылық қожалықтары, 264 шаруа қожалықтары, 6706 жеке қоныстары айналысады, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өндіру— 3 шұжық цехы, 3 сүтті қайта өндіру обьектілері, 7 жел диірмені, 1 жармаүккіш, 8 күнбағыс майын қайта өндеу цехы, 8 наубайхана (барлығы 30 қайта өндеу объектілері) бар.

Әлеуметтік сала

Білім беру мен ғылым

Ауданда 36 орта жалпы білім беру мектептері, 3 мектепалды ұйымдары мен 2 кәсіби лицей-мектебі бар.

Денсаулық сақтау

Ауданда 2 аурухана және 7 дәрігерлік амбулаторлық-емхана ұйымдары бар, ондағы дәрігерлер және орта медициналық қызметкерлер саны сәйкесінше 24 және 108 адам.

Мәдениет

Ауданда 16 кітапхана, 9 клуб мекемелері бар. 1935 жылдан бастап аудандық газет шығарылады. Көркемөнердің монументалды ескерткіші Кеңес Одағының батыры И.В. Бабинге арналған 1965 жылы даталанған мүсін мен 1920 жылғы И.Д. Путинцев бастамасымен В.И. Ленинге арналған бақ болып табылады. Аудан тұрғындары үшін Железинка орталық аудандық кітапхана қызмет етеді.

Әйгілі адамдар

  • Кеңес Одағының батырлары: И. В. Бабин, А. С. Квитков, И. Г Ледовской.;
  • Социалистік Еңбек ерлері: Ж. К Жүсіпов., М. И.Трусов.

Дереккөздер