Мазмұнға өту

Кристиан Бейл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
21:07, 2023 ж. желтоқсанның 20 кезіндегі Crystal8unicorn (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
Кристиан Бейл
Christian Bale
Сурет
Бейл 2014 Берлин кинофестивалінде
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Кристиан Чарльз Филип Бейл

Туған күні

30 қаңтар 1974 (1974-01-30) (50 жас)

Туған жері

Пембрукшир, Уэльс, Ұлыбритания

Азаматтығы

 Ұлыбритания
 АҚШ

Мамандығы

актер

Белсенді жылдары

1983осы уақытқа шейін

Марапаттары

«Оскар» (2011)
«Алтын глобус» (2011)

IMDb

ID 0000288

Кристиан Чарльз Филип Бэйл (ағылш. Christian Charles Philip Bale; 30 қаңтар 1974(19740130), Пембрукшир, Уэльс, Ұлыбритания) — ағылшын актері.[1][2] Алғашқы кинокарьерасын екі блокбастерден және тәуелсіз шағын жобалардан, арт хаустардан бастаған.

Бейл 13 жасында Стивен Спилбергтің «Күн Империясы» (1987) фильмінде ойнаған ролінде алғаш рет көрермен көзіне түсті. 2000 жылы «Америкалық Есалаң» картинасында қанішер Патрик Бэйтменді сомдаған үшін кино сыншылар назарына ілікті. Ол «Машинист» (2004) киносында Тревор Резникті ойнау үшін 63 фунт салмақ тастайды, сол үшін оған актерлік шебері үшін жақсы абырой алып келеді.[3]

Кристиан Бейл Кристофер Нолан режиссерлік еткен «Бэтмен: Бастама» (2005), «Қара сері» (2008) және «Қара сері: Жандану» (2012) трилогиясында Брюс Уэйн/Бэтменді ойнағаннан кейін көпшілікке таныла бастады. «Күрескер» (2010) биографиялық фильмінде Дикки Эклундты сомдағаны үшін Бейл сыншылардан жақсы баға алды және бірнеше марапаттарға ие болды, соның ішінде бірінші рет Екінші пландағы үздік ер рөлі номинациясы бойынша Оскар және Алтын глобус сыйлықтарының иегері атанады және Екінші пландағы үздік ер рөлі үшін АҚШ Гильдия киноактерлер сыйлығымен марапатталынады. 2013 жылы «Америкалық сергелдең» драмалық комедиясында ойнайды, сол үшін Бейл екінші рет Оскар номинациясына түседі және бұл номинация бірінші рет үздік ер рөлі үшін еді. Сонымен қатар Алтын глобус сыйлығының үздік ер ролі - комедия немесе мюзикл номинациясына да ұсынылады.

Өмірбаян

Бейл Пембрукширде ағылшын отбасында дүниеге келген. Оның Дженни есімді анасы цирк актрисасы, әкесі Дэвид Бейл Оңтүстік Африкадан шыққан кәсіпкер және ұшқыш,[4][5][6] өзінен басқа үш әпкесі бар.[7]

Кристиан Бейл: “Мен Уэльсте туғанмын бірақ валлилік емеспін, мен - ағылшынмын” деп мәлімдеген болатын. Оның балалық шағы Уэлсте, Англияның Суррей мен Дорсет графтықтарында және Португалияда өткен.[8][9] Ол Борнмут мектебінде оқыған бірақ 16 жасында оқудан шығып кеткен.[10]

Оның әке шешесі 1991 жылы ажырасады. Анасы мен әпкесі Шэрон Борнмутта қала береді, өзі әкесімен бірге он жеті жасында Лос Анжелеске көшіп кетеді.[11] Ол 1982 жылы Lenor-дың жарнамасына түседі. 1984 жылы Уэст Энд театрында Роуэн Аткинсонмен бірге Оқымысты спектакліне қатысады.[12]

Мансап

1986–1998

«Күн Империясының» промоушеніндегі 14 жастаға Кристиан Бейл, ақпан 1988 жыл

Кеңестік-скандинавиялық «Мио, Менің Миом» (1987) атты фильмде Бейлдің үлкен кинодағы дебюті болды. Бұл картинада Владимир Грамматиков режиссерлік еткен Астрид Линдгреннің балалар ертегісі бойынша Юм-юм деген кейіпкерді бейнелейді.

1987 соңына қарай ол Стивен Спилбергтің «Күн Империясы» драмалық фильміне түседі. Фильм оқиғасы Джеймс Баллардтың өзі аттас автобиографиялық романның желісі бойынша түсірілген. Сюжет бойынша Бейлдің кейіпкері ата-анасымен Шанхайда тұрып жатады. Екінші Дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін отбасысымен өте нашар жағдайдағы жапон лагерінде тап болады. Кристиан бейл АҚШ Ұлттық киносыншылар кеңесінен «Көрнекті жас актер жұмысы» марапатын алады.

1989 жылы Уильям Шекспирдің пьесасы бойынша «Генрих V» картинасына түседі.[13] Сосын «Қазына аралы» (1990) Роберт Стивенсонның романы және «Джентельменше кісі өлімі» (1991) Джон ле Карренің детективі бойынша қатарынан екі телевизиялық фильмдерге түседі.

1992 жылы Бейл Диснейдің классикалық голливуд жанрындағы «Жаңалық сатушылар» ретро мюзиклінде басты ролді сомдайды. Түсірілім кезінде ол ән айту мен билеуді үйренеді. Картина сәтсіз шыққанмен, сыншылар фильмге қатысқан жас актерлерге жақсы баға берді. Билеуді үйреніп алған соң Бейл келесі картинаға түседі. «Свингерлер» (1993) атты соғысқа қарсы фильмінде актер кәсіби бишілермен бірнеше күрделі хореграфиялық көріністерге қатысады.[14] Бейл актриса Вайнона Райдердің ұсынысынан кейін Джиллиан Армстронгтың 1994 жылы шыққан «Кішкентай әйелдер» фильмінде ойнайды.[13] Диснейдің «Покахонтас» (1995) мультфильмінде Томасты дыбыстады және 1997 жылы Тодд Хейнстің «Нәзік алтын тамыр» картинасында Артур Стюартты бейнелейді.[14] 1999 жылы Кевин Клайн, Мишель Пфайффер, Стэнли Туччи және Руперт Эверетт сияқты жұлдыздармен Уильям Шекспирдің «Жазғы түндегі ұйқы» фильмінде Деметрийді ойнайды.[14]

1999–2004

1999 жылы Бейл Брет Истон Эллистің романы желісі бойынша Мэри Харрон режиссерлік еткен «Америкалық Есалаң» фильмінде қанішер Патрик Бэйтменді сомдады. Бұл жобада Бейлдің орнына Леонардо Ди Каприо болу керек болған, алайда соңғысы «Жағалау» кинокартинасына түсетіні белгілі болды. Кристиан Бейл өзінің кейіпкер мінезін зерттеді, романда суреттелгендей дене бітімін ұқсату үшін күнге күйіп, физикалық түрде дайындалды.[15] «Америкалық Есалаң» Сандэнс кинофестивалінде 2000 жылы тұсауы кесілді. Роджер Эберт киноны сынға алды, оған порнография[16] және осы фестивальдегі «жағымсыз кино» деп атады.[17] Бірақ та "Харрон сараңдық жайлы романды мансапқор ер адам туралы фильмге айналдырды" деп жақсы шолу жазып кетті.[18]

14 сәуір 2000 жылы Lionsgate картинаны кинотеатрларға шығарды. 2000 жылы қайтадан дәулетті қанішер ролін Джон Синглтонның «Шафт» киносында ойнады. «Америкалық Есалаң» киносынан кейінгі алғашқы басты ролде сомдаған фильмі — Джон Мэдден түсірген «Капитан Кореллидің таңдауы» атты туындысы болды. Мұнда ол басты рөлдегі Николас Кейджтің кейіпкерімен Пелагияның (Пенелопа Крус) махаббаты үшін бақталасқан грек балықшысы Мандрасты бейнеледі. «Барлық кішкентай жануарлардан» кейінгі бұл жоба Бейлдің Джон Хартпен екінші рет бірге жұмыс істеуі еді.

2002 мен 2003 жылдар аралығында Бейл қатарынан үш фильмге түседі. Алғашқысы сыншылардан жақсы баға алған «Лорел Каньон» (2002) драмасы.[19] «Ютландия ханзадасынан» (1994) кейінгі Бейлдің Кейт Бекинсэйлмен екінші рет киноға бірге түсуі еді.[20]

Постапокалиптика стиліндегі фантастикалық «От қуаты» фильмінде басты ролдерді Мэттью МакКонахимен сомдады. Олар кейіпкерлеріне ену үшін бокспен айналысты.[21]

2002 жылы бюджеті 20 млн. доллар құрап, кассалық түсімі бар болғаны 5 млн. доллар тапқан «Эквилибриум» картинасына түседі.[22] Сюжет бойынша болашақ өмірде халықтың бәрі эмоциядан айырылған себебі адамның сезімі кесірінен үшінші дүниежүзілік соғыс болып, бүкіл әлемнің күл талқаны шыққан. Бейл фильмде эмоцияға берілген адамдарды көзін жойып отыратын клерик Джон Престонды сомдады.

Бір жыл үзілістен кейін Бейл психологиялық «Машинист» триллерінде Тревор Резникті ойнау үшін 2004 жылы оралады. Бейл рөлге дайындалып кейіпкерге ұқсау үшін арықтай бастайды. Ол кофе мен алмадан тұратын диетаға отырады, соның арқасында Бейл бірнеше айдың ішінде 63 фунт (27 кг) салмақ тастайды.[23][24] Түсірілімнен кейін актердің салмағы 55 кг құрады.[23] Бюджеті 5 млн. доллар болған Машинист фильмі Rotten Tomatoes сайтында сыншылардан 77% жақсы баға алды.[25]

Бэтмен трилогиясы

Кристиан Бейл, 2005 жыл

Бейл «Мәңгілік Бэтмен» (1995) және «Бэтмен және Робин» (1997) фильмдеріндегі кейіпкер Робиннің рөліне байқаудан өтеді, алайда бұл рөль Крис О'Доннеллге бұйырады деген мәлімет тарайды. Дегенмен 2008 жылы Бейлдің берген сұхбатында мұны жоққа шығарды.[26] 2004 жылы «Машинист» фильмінен кейін Бейл басты рөлде Кристофер Ноланның «Бэтмен: Бастама» атты картинада Бэтменді және оның альтер-эгосы Брюс Уэйнді сомдайтыны белгілі болды. Бұл рөлге Джейк Джилленхолмен бақталасқа түскен болатын.[27]

Бэтменнің шымыр денесіне ұқсау үшін Бейлге жаттығуға алты ай уақыт берілді. Жеке бапкердің көмегі арқасында жарты жыл шамасында 100 фунт (45 кг) салмақ жинайды. Ол 130-дан 230 фунтқа дейін барады.[28] Кейін ол режиссер қалаған салмағынан асып түскенін байқайды, түсірілім басталған уақытта Бейл салмағын 190 фунтқа дейін түсіреді.[29]

Бейл Бэтмен ролін сомдауға алғашында сенімсіздік танытады. Кейіпкерге ену үшін Бэтмен туралы жазылған әртүрлі комикстерді оқиды. Ол кейіпкері туралы былай сипаттама береді: "Бэтмен ішіне зұлымын тыққан тұйық тұлға. Бэтмен өте адал және өзіне жауап бере алатын жан. Ол кісі өлтіріп немесе озбырлық жасай алады бірақ та ол өз-өзін қолда ұстай біледі." Түсірілім кезінде Бейл үшін ең қиын нәрсе Бэтменнің костюмі болды. "Костюм іші ыстық, терлейсің, маскадан басын ауырып кетеді алайда осы үшін тастап кетпеймін мен Бэтменді ойнауға тиістімін," деп ол айтқан болатын.[30] Фильм промоушеніндегі сұхбаттарда және арнайы іс шараларда Бейл америкалық акцентті ұстап жүрді.[31]

«Бэтмен: Бастама» АҚШ-та 15 маусым 2005 жылы тұсауы кесілді. Шығаруға $ 135 млн кеткен картина әлем бойынша $ 370 млн табыс алып келді.[32] Фильм сыншылар мен жанкүйерлерден жақсы баға алды, соның арқасында Сатурн марапатының үздік актер номинациясы бойынша және MTV Movie Awards-та үздік қаһарман марапатын жеңіп алады.[33]

Бейл Бэтмен рөлін «Қара сері» атты сиквелде жалғастырады. Бұл картина АҚШ-қа 18 шілде 2008 жылы шығады. Алғашқы уик-эндте АҚШ бойынша рекордтық $158,4 млн пайда әкеледі.[34] 10 күн ішінде $ 300 млн, 18 күн ішінде $ 400 млн және 43 күнде $ 500 млн шегіне жетіп, америкалық кассалық түсіміне қатарынан үш рекорд орнатады.[35] Фильм әлем бойынша $ 1 млрд аса табыс жинап, сол уақыттағы ең табысты фильмдерде төртінші орын алады.[36]

Ол картинаның соңғы бөлімі «Қара сері: Жандану» деп аталатын екінші сиквелінде ролін қайтадан сомдайды. «Қара рыцарь: Жандану» АҚШ-та 20 шілде 2012 жылы тұсаукесері болады.[37] Бұл фильм де сыншылардан жақсы баға алып, әлем бойынша $ 1 млрд аса табыс жинайды. Қазіргі уақытта Бейл түскен фильмдеріндегі ең табысты осы картина болып табылады.

2006–2009

Close-up of Christian Bale's face.
Бейл, 2008 жыл

Бэтмен: Бастамасынан кейін Бейл тәуелсіз жобаларға оралады. Ол Дэвид Эйердің «Қиын кездер» криминалды драмасында басты ролде Фредди Родригес және Ева Лонгория сынды актерлермен ойнайды. Бейл посттравматикалық стресске ұшыраған Ауған соғысының ардагері Ішкі Қауіпсіздік Департаментіне федерал агенттігі болып жұмыс істейтін Джим Лютер Дэвис есімді кейіпкерді бейнеледі. Фильм 2005 жылы Торонто кинофестивалінде көрсетіледі, көпшілікке үлкен прокатқа 10 қараша 2006 жылы шығады.[38]

2005 жылы Терренс Малик режиссерлік еткен «Жаңа әлем» картинасына түседі. Фильмде басты ролде Колин Фаррелл Джон Смитті, К'Орианка Килчер Покахонтасты бейнеледі. Бейл мұнда екінші пландағы кейіпкер Джон Рольфты ойнады. Картина АҚШ прокатында сәтсіз болады тек әлем бойынша жинаған табысы ($ 29 млн) кино шығының ақтайды (фильм бюджеті $ 30 млн).[39]

2006 жылы Бейл төрт жобаға қатысады. Неміс режиссері Вернер Херцогтың «Құтқару таңы» әскери драмасында Вьетнам соғысы кезінде ұшағы құлаған АҚШ ұшқышы Дитер Денглерді ойнады. Херцог Бейлдің актерлік шеберіне үлкен әсер қалдырды, ол: "Мен оны өз заманындағы өте талантты актер деп есептеймін. Бэтменге дейін біз өзіміздің жеке ойымызды әлдеқашан жасап қойғанмыз," деген болатын.[40]

"Мен көптеген фильмдерде лас болып, топырақ үстімен жорғалап жүрдім. "Құтқару таңында" мен тер және кір киімді күнде киіп күн астына күйдім, мұнда да тура сондай. Менінше вестерндер лас болу керек оларға әдемі әрі таза болуға міндетті емес, сондықтан мен қолымды жумай жүрдім"
— Юмаға дейін дегенге Кристиан Бейлдің сұхбаты[41]

«Престиж» картинасы Кристофер Присттің өзі аттас роман желісі бойынша Викториандық кезеңіндегі екі сиқыршы бақталасқаны туралы еді, Бейл Бэтмен: Бастамадан кейінгі актер Майкл Кейн және режиссер Кристофер Ноланмен қайта бастары қосылды. Престиждің актерлер құрамында Хью Джекман, Скарлетт Йоханссон, Дэвид Боуи және Пайпер Перабо болды. «Мен ол жерде жоқпын» биографиялық фильмінде Тодд Хейнс және Хит Леджермен қайтадан жұмыс жасады. Кинода ол Боб Диланды бейнеледі. Ол Рассел Кроумен табысты әрі сәтті шыққан вестерн жанрындағы «Юмаға дейін» кинолентасына түседі.

Бейл 2009 жылы «Терминатор: Құтқару» фильмінде Джон Коннорды[42] және Майкл Манның «Джонни Д.» драмасында агент Мелвин Пёрвисті ойнайды.[43]

2010–қазіргі уақыт

Бейл 83-ші Оскар марапатында

2010 жылы Бейл Марк Уолбергпен Дэвид О. Расселлдың «Күрескер» драмасына түседі. Дикки Эклундты сомдау үшін ол 30 фунт (14 кг) салмақ жоғалтады, сол үшін Бейл бірнеше марапаттардың иегері атанады: Екінші пландағы үздік ер ролі номинациясы бойынша Оскар және Алтын глобус сыйлықтары және одан басқа 30-ға жуық марапаттар.[44][45]

2010 жылы желтоқсанда Бейл режиссер Чжан Имоудың «Соғыс гүлдері» атты тарихи әскери драмасында ойнайтыны белгілі болды.[46]

2013 жылы Бейл Скотт Купердің «Күлден» триллерінде Рассел Бейзді бейнеледі[47][48][49] және «Америкалық сергелдең» фильмінде Дэвид О. Расселлмен қайтадан жұмыс жасады (Біріншісі Күрескер (2010) картинасы).[50][51][52][53] Фильмде алаяқ Ирвинг Розенфельдтке ұқсау үшін 43 фунт (27 кг) салмақ қосып, шашын алады және бойын 7,6 см кішірейтеді.[54] Эпизодтық ролде ойнайтын Де Ниро алғашында Бейлді көргенде танымай қалғандығын айтты.[55] 12 желтоқсан 2014 жылы шыққан[56] Ридли Скоттың «Көш: Құдайлар мен патшалар» фильмінде Бейл Мұсаны сомдады.[57][58]

Жеке өмірі

29 қаңтар 2009 жылы Кристиан Бейл бұрынғы модель, визажист, актриса Вайнона Райдердің көмекшісі Сандра “Сиби” Блажичке (1970 ж. туған) үйленеді. Екеуінің 2005 ж. туған қызы және 2014 ж. дүниеге келген ұлы бар.[59][60][61][62][63] 1992 жылдан бері Бейлдер Лос Анжелесте тұрып келеді.[64]

Марқұм әкесі сияқты Бейл де Гринпис және Әлемдік жабайы табиғат қоры сияқты экологиялық ұйымдарды белсене қолдайды. Бейл жұбайы Сиби екеуі Дайан Фосси Горилло қорының қамқоршылар тобына кіреді.[65] Бейл феминист Глория Стейнемнің өгей ұлы.[66][67]

Фильмография

Кристиан Бейл Лос Анжелес кинофестивалінде 2009 ж.
Жыл Қазақша атауы Шынайы атауы Кейіпкер
1986 Анастасия: Сырлы Анна (ТВ) Anastasia: The Mystery of Anna Алексей
1987 Мио, Менің Миом Mio in the Land of Faraway Юм-Юм
1987 Күн Империясы Empire of the Sun Джим Грэм
1989 Генрих V Henry V Жас бала
1990 Қазына аралы (ТВ) Treasure Island Джим Хокинс
1991 Джентельменше кісі өлімі (ТВ) A Murder of Quality Тим Перкинс
1992 Жаңалық сатушылар Newsies Джек Келли
1993 Свингерлер Swing Kids Томас Бергер
1994 Ютландия ханзадасы Prince of Jutland Амлед
1994 Кішкентай әйелдер Little Women Лори
1995 Покахонтас (анимация) Pocahontas Томас (дауысы)
1996 Құпия агент The Secret Agent Стиви
1996 Ханымның суреті The Portrait of a Lady Эдвард Розьер
1997 Метролэнд Metroland Крис Ллойд
1998 Нәзік алтын тамыр Velvet Goldmine Артур Стюарт
1998 Барлық кішкентай жануарлар All the Little Animals Бобби Платт
1999 Жазғы түндегі түс A Midsummer Night's Dream Деметрий
1999 Исаның анасы - Мария (ТВ) Mary, Mother of Jesus Иса
2000 Америкалық Есалаң American Psycho Патрик Бэйтмен
2000 Шафт Shaft Уолтер Уэйд
2001 Капитан Кореллидің таңдауы Captain Corelli’s Mandolin Мандрас
2002 Лорел Каньон Laurel Canyon Сэм
2002 От қуаты Reign of Fire Куинн
2002 Эквилибриум Equilibrium Клерик Джон Престон
2004 Машинист The Machinist Тревор Резник
2005 Бэтмен: Бастама Batman Begins Брюс Уэйн / Бэтмен
2005 Қиын кездер Harsh Times Джим Дэвиc
2005 Жаңа әлем The New World Джон Рольф
2006 Құтқару таңы Rescue Dawn Дитер Денглер
2006 Престиж The Prestige Альфред Борден/Фэлон
2007 Мен ол жерде жоқпын I’m Not There Боб Дилан/Джон/Джек
2007 Юмаға дейін 3:10 to Yuma Дэн Эванс
2008 Қара сері The Dark Knight Брюс Уэйн/Бэтмен
2009 Терминатор: Құтқару Terminator Salvation Джон Коннор
2009 Джонни Д. Public Enemies Мелвин Пёрвис
2010 Күрескер The Fighter Дикки Эклунд
2011 Соғыс гүлдері The Flowers of War Джон Миллер
2012 Қара сері: Жандану The Dark Knight Rises Брюс Уэйн/Бэтмен
2013 Күлден Out of the Furnace Рассел Бейз
2013 Америкалық сергелдең American Hustle Ирвинг Розенфельд
2014 Көш: Құдайлар мен патшалар Exodus: Gods and Kings Мұса пайғамбар
2015 Кубок серілері Knight of Cups Рик[68]
2015 Үлкен құнсыздану ойыны The Big Short Майкл Барри
2016 Салмақсыздық Weightless TBA[69]
2018 Маугли Mowgli: Legend of the Jungle Багира (дыбыстау)
2018 Билік Vice Дик Чейни
2019 Ford Ferrari-ге қарсы Ford v. Ferrari Кен Майлз
2022 Тор: махаббат пен найза Thor: Love and Thunder Горр құдайларды өлтіруші

Марапаттары мен номинациялары

Дереккөздер

  1. Q&A with Christian Bale, Phase9.tv. Тексерілді 3 желтоқсан 2012.
  2. Christian Bale: American Psycho. IMDB News. — «I was born in Wales but I'm not Welsh – I'm English»  Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 шілде 2011. Тексерілді, 21 шілде 2008.
  3. Christian Bale Lost 63 pounds and get other 110 in less than 9 months!. Allvoices.com (22 мамыр 2010). Тексерілді, 6 қаңтар 2014.
  4. Christian Bale profile at FilmReference.com.
  5. Rourke, Mary. Activist David Bale had commitment to Africa, The Seattle Times (4 қаңтар 2004). Тексерілді 30 маусым 2008.
  6. Serpe, Gina. Christian Bailed Over Alleged Assault; Denies Wrongdoing, E! (22 шілде 2008). Тексерілді 26 қыркүйектің 2011.
  7. http://www.dailymail.co.uk/news/article-2658216/Secrets-Jay-Leno-revealed-New-book-lifts-lid-celebrity-divas-scenes-craziness-shows-22-year-run.html
  8. metrowebukmetro 60 SECONDS: Christian Bale. Metro.co.uk (13 September 2007). Тексерілді, 6 қаңтар 2014.
  9. Christian Bale: Yes, it is the same guy, The Daily Telegraph, London, UK: Telegraph Media Group Limited (21 қаңтар 2011). Тексерілді 9 ақпанның 2014.
  10. Christian Bale: Reluctant Movie Star Talks 'Furnace', 'Hustle'. Variety (26 қараша 2013). Тексерілді, 26 қараша 2013.
  11. Sister of Hollywood star Christian Bale faces losing her home (3 наурыз 2010). Тексерілді 12 шілде 2013.
  12. Kamarauskas, K. Christian Bale profile at Thespian Net; accessed 19 наурыз 2014.
  13. a b BBC Wales – Arts – Christian Bale. BBC Wales. BBC. Басты дереккөзінен мұрағатталған 5 тамыз 2012. Тексерілді, 13 сәуір 2009.
  14. a b c 'Knight's' Bale: Who is that masked man?, CNN: Showbiz/Movies (28 шілде 2008). Тексерілді 20 сәуір 2009.
  15. Fischer, Paul. "Unmasking an American Psycho." Мұрағатталған 13 маусымның 2000 жылы. The Cranky Critic; retrieved 15 мамыр 2006.
  16. McCormick, Moira. "Christian Bale – Good Christian Talks About Playing a Yuppie from Hell" Мұрағатталған 4 желтоқсанның 2008 жылы. Barnes & Noble.com, 5 September 2000; retrieved 15 мамыр 2006.
  17. Kaufman, Anthony. "INTERVIEW: 9-Months Pregnant and Delivering "American Psycho", Director Mary Harron." Wayback Machine мұрағатында (от 24 ақпанның 2003) indieWIRE; 14 сәуір 2006; retrieved 15 мамыр 2006.
  18. Ebert, Roger. "American Psycho" Мұрағатталған 23 желтоқсанның 2012 жылы., Chicago Sun-Times, 14 сәуір 2000; retrieved 17 мамыр 2006.
  19. Laurel Canyon (2003). Rotten Tomatoes.
  20. "Laurel Canyon" at Metacritic Мұрағатталған 16 ақпанның 2021 жылы.; retrieved 15 мамыр 2006.
  21. Chavel, Sean. "Interview with Christian Bale of Reign of Fire." Мұрағатталған 10 сәуірдің 2005 жылы. UnderGroundOnline; retrieved 8 маусым 2006.
  22. Equilibrium (2002). Box Office Mojo. Тексерілді, 13 сәуір 2009.
  23. a b Lee, Michael J. Interviews Christian Bale, The Machinist. Radio Free (4 қазан 2004). Тексерілді, 5 мамыр 2008.
  24. Gilchrist, Todd IGN Interviews Christian Bale. IGN FilmForce (15 қазан 2004). Тексерілді, 15 қазан 2004.
  25. The Machinist (2004). Rotten Tomatoes. IGN Entertainment. Тексерілді, 24 наурыз 2008.
  26. ShortList (issue 42, page 28), 17 шілде 2008.
  27. Otto, Jeff. "David S. Goyer Talks Batman, Iron Man, Comics and More" IGN FilmForce, 27 February 2004; retrieved 16 мамыр 2006.
  28. Jordan, Sean. "Christian Bale: Belatedly Blabbing Batman" Wayback Machine мұрағатында (от 7 қазанның 2006), Femme Fatales, шілде/тамыз 2005; retrieved 16 мамыр 2006.
  29. About.com interview. Movies.about.com (30 қазан 2009). Тексерілді, 26 ақпан 2010.
  30. Dawson, Angela. "Bale on Batman" The Arizona Republic, 10 маусым 2005; retrieved 16 мамыр 2006.
  31. Morales, Wilson. "Batman Begins: An Interview with Christian Bale"; accessed 19 March 2014.
  32. Batman Begins (2005). Box Office Mojo. Тексерілді, 13 сәуір 2009.
  33. Gay cowboys the best kissers, The Sydney Morning Herald (4 маусым 2006). Тексерілді 13 сәуір 2009.
  34. Dark Knight Sets Weekend Box-Office Record, Fox News Channel (21 шілде 2008).
  35. The Dark Knight Rewrites Box Office Record Books, Google News (22 шілде 2008).
  36. Box Office Mojo: All Time Worldwide Box Office Grosses. Boxofficemojo.com. Тексерілді, 26 ақпан 2010.
  37. Ray Subers. 'Batman' Returns 20 шілде 2012, Box Office Mojo (30 сәуір 2010). Тексерілді 30 сәуір 2010.
  38. Blanchett joins Toronto festival lineup, USA Today (26 шілде 2005). Тексерілді 13 сәуір 2009.
  39. The New World at Box Office Mojo.
  40. "Herzog Hails Bale" Female First, 24 March 2006; retrieved 17 мамыр 2006.
  41. 3:10 to Yuma: Christian Bale vs. Russell Crowe. Comingsoon.net (3 September 2007). Тексерілді, 26 ақпан 2010.
  42. Is Josh Brolin the New Terminator?. Comingsoon.net (6 February 2008). Тексерілді, 26 ақпан 2010.
  43. Fleming, Michael; Adalian, Josef. Bale on Depp's Trail in 'Public', Variety (10 January 2008). Тексерілді 11 қаңтардың 2008.
  44. Christian Bale wins Oscar for "The Fighter" (28 February 2011). Тексерілді 9 мамыр 2015.
  45. Barshad, Amos. Melissa Leo to Control Christian Bale and Mark Wahlberg's Bedtimes, New York (20 мамыр 2009). Тексерілді 4 маусым 2009.
  46. Landreth, Jonathan. Christian Bale to Star in Zhang Yimou film, The Hollywood Reporter (22 желтоқсан 2010). Тексерілді 25 қыркүйектің 2011.
  47. Christian Bale, Casey Affleck And Zoe Saldana Confirmed For Out of the Furnace. CinemaBlend.com. Тексерілді, 9 сәуір 2012.
  48. Christian Bale and Casey Affleck Confirmed for Scott Cooper’s Out of the Furnace. AwardsDaily. Тексерілді, 9 сәуір 2012.
  49. Christian Bale, Casey Affleck, Zoe Saldana, and Sam Shepard Confirmed to Star in OUT OF THE FURNACE. Collider.com. Тексерілді, 9 сәуір 2012.
  50. Chitwood, Adam David O. Russell’s Next Film Gets New Title: AMERICAN HUSTLE. collider.com (15 сәуір 2013). Тексерілді, 16 сәуір 2013.
  51. David O. Russell Eyes Crime Drama 'American Bullshit'; Christian Bale Sought To Star. Indiewire.com. Тексерілді, 9 шілде 2012.
  52. David O. Russell and Christian Bale to reunite on American Bullshit. TotalFilm.com. Тексерілді, 9 шілде 2012.
  53. Christian Bale on for 'American Bullshit' with David O. Russell. NME. Тексерілді, 9 шілде 2012.
  54. Mandell, Andrea. Christian Bale's one-two punch with 'Furnace,' 'Hustle' (3 желтоқсан 2013).
  55. Rosen, Christopher. Christian Bale's 'American Hustle' Transformation Even Fooled Co-Star, The Huffington Post (20 желтоқсан 2013). Тексерілді 6 қаңтардың 2014.
  56. ASSASSIN’S CREED Set for 22 мамыр 2015; Ridley Scott's Moses Epic EXODUS Lands 12 желтоқсан 2014; Jason Reitman's LABOR DAY Arrives 25 желтоқсан. Collider.com. Тексерілді, 19 қазан 2013.
  57. Christian Bale Eyeing Moses?. Deadline.com. Тексерілді, 19 қазан 2013.
  58. Joel Edgerton to Play Ramses in Ridley Scott's 'Exodus'. HollywoodReporter.com. Тексерілді, 19 қазан 2013.
  59. Singh, Anita. Christian Bale profile, The Daily Telegraph (23 шілде 2008). Тексерілді 13 сәуір 2009.
  60. Bale Becomes a Father. Wenn. Internet Movie Database (29 наурыз 2005). Тексерілді, 15 шілде 2008.
  61. McLean, Craig. Suit yourself, mate, The Age (29 мамыр 2005). Тексерілді 15 шілде 2008.
  62. Second Child on the Way for Christian Bale, People (8 наурыз 2014). Тексерілді 9 наурыз 2014.
  63. Christian Bale, wife Sibi welcome baby boy - NY Daily News BY RACHEL MARESCA ; Tuesday, тамыз 19, 2014, 9:12 AM
  64. Hoad, Phil. Dark Star, The Guardian (5 маусым 2005). Тексерілді 13 сәуір 2009.
  65. Dian Fossey Gorilla Fund. Gorillafund.org (14 сәуір 2014). Тексерілді, 16 мамыр 2014.
  66. 'Feminism? It's hardly begun', The Guardian (16 January 2005). Тексерілді 23 желтоқсан 2014.
  67. Feminist Dad of the Day: Christian Bale. Women and Hollywood (25 шілде 2012). Тексерілді, 2 қаңтар 2015.
  68. Knight of Cups (2014). AllMovie. Rovi Corporation. Басты дереккөзінен мұрағатталған 5 қараша 2012. Тексерілді, 5 қыркүйек 2012.
  69. Nicholson, Max How Terrence Malick Retitled Lawless. IGN. News Corporation (23 наурыз 2012). Басты дереккөзінен мұрағатталған 5 қараша 2012. Тексерілді, 4 қыркүйек 2012.

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Christian Bale