Устрицалық вешенка
Кәдімгі аспа саңырауқұлақ | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Pleurotus ostreatus (P.Kumm., 1872) |
Кәдімгі аспа саңырауқұлағы немесе Устрицалық вешенка — бұл қарапайым жеуге болатын саңырауқұлақ. Ең кең таралған жабайы саңырауқұлақтардың бірі, бірақ оны сабанда және басқа ортада өсіруге болады.
Бұл саңырауқұлақ адамды токсиндардың залалдарынан қорғайтын дәрумендерге, аминқышқылдарына, минералды заттарға бай. Сонымен бірге, ол қандағы холестеринді азайтады. Саңырауқұлақ энергетикалық күші төмен тамақ. Сондықтан ол төмен калориялы диетаға жарайды. Оның құрамында қатерлі ісіктерге қарсы тұратын заттар бар деген болжама бар. [1]
Устрицалық вешенкасын өсіру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Устрицалық вешенкасын өсіретін 2 тәсіл бар – не полиэтилен пакетіне салынған сабанға, не жарылған дөмбек ағашында.
Полиэтилен пакеттегі сабанға өсіру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алдымен сабанды дайындайсыз. Сабанды егу алдында жұққыштығын жою керек. Жұққыштығын жоюдың 2 әдеті бар.
- Сабанды үлкен ыдысқа салып (қазан немесе ескі саған) оны сумен толтырып, температурасы мөлшері 100 °С қайнату керек. Содаң сон оны 20 – 25 °С дейін суытасыз.
- Сабанды үлкен ыдысқа салып, оны қайнап тұрған сумен толтырып суығанша қалдырасыз. Содаң сон суды төгіп, сабанды қайта қайнап тұрған сумен толтырасыз. 20–25 °С дейін суыған соң, ол егуліге дайын.
Субстраттың (сабандың) егуі былай істеледі – үлкен қапшыққа біресе сабанды, біресе ұсақталған егу субстратын қабат-қабатқып салады. Егу субстраттың 1 орамасы 15–20 кг сулы сабанға жетеді, ол көлемі 50х100 см пакеттің ішіндегі сабанға сәйкес. Пакетті толтырып алған соң оны жабу керек (байлау қажет). Пышақпен пакетті мөлшері 10 жерде тіліп алыңыз, әр тесіктің мөлшері 3–5 см. Егер сіз егетін материалды құрғақтау жерде өсіремін десеңіз, тілінген жер азырақ болуы керек (керегі болып жатса, соңыра оларды көбейтуге болады). Егілген соң пакеттерді жартылай көлеңкелі жерге қою керек (оған күн сәулесі тура түспеу керек). Өсіру үшін ең идеалды температура 15–20 °С. Температура көтерілген сайын, саңырауқұлақтың өсуі тездете түседі (әрине, онымен бірге сабандың нәрлі заттардың азаюы да жылдамдайды). Сондықтан, сізге қанша вешенка керегіне қарай температураны дұрыстау керек. Саңырауқұлақтардың шығымы оның қажеттілігінен асып бара жатса, оны суықтау жерге көшіріңіз. Демек, саңырауқұлақ көбірек қажет болса оны жылы жерде ұстау керек. Вешенка өнімділікті 2–3 ай ішінде береді, содан кейін пакеттегі нәрлі заттар таусылады. Жаңа ортаны дайындауы керек (ол үшін жаңа сабанды ескі сабанға егуге болады). Бір орамадан 2–4 кг саңырауқұлақтарды жинауға болады.
Кесілген ағашта өсіру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Устрицалық вешенкасы табиғатта жапырақты ағаштардың үстінде өседі. Сондықтан оны ұзындығы 30–80 см жарылған дөңбек ағаштарда өсіруге болады. Ол үшін жапырақ ағаштар түрлерінің бәрі де келе береді (қылқан жапырақ ағашы болмауы керек). Кесілген ағаш жарты жылдан артық сақталмау керек.
Жарылған ағаш дөңбектерін егу үшін талай әдістер бар. Саңырауқұлақтың талшықтары ағаштың ішінде өсуі үшін егілген материал ағашқа тиіп тұру керек.
Ағашта тесіктерді немесе арамен кесіктерді жасаңыз, содан соң оған егу субстратын саласыздар. Егілген ағашты қапқа саласыз да саңырауқұлақтардың талшықтары өсуі үшін 2–3 айға сонда қалдырасыз. Үстінде мицелий өскен ағаштарды бақтың көлеңкелі жағындағы топырақтың ішіне 1/3 бөлігін салыңыз. Құрғақтық кезде су шашып тұрыңыз. Жарылған ағаш дөңбектерінен саңырауқұлақтарды 2–5 жыл жинауға болады (ол ағаштың жұғымдылығына байланысты)
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Gunde-Cimerman N, Cimerman A. (1995), "Pleurotus fruiting bodies contain the inhibitor of 3-hydroxy-3-methylglutaryl-coenzyme A reductase-lovastatin.", Exp Mycol. 19 (1): 1–6, doi:10.1006/emyc.1995.1001, PMID 7614366