Мазмұнға өту

Рузбехан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
14:51, 2024 ж. тамыздың 6 кезіндегі 1nter pares (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Рузбехан Ғалым, қаласы Әбу-л-Хайр Фазлаллаһ ибн Рузбехан.[1] Рузбехан, Абд ул-Хайр Фазлаллах ибн Рузбехан әл-Хунджи әл-Исфаhани (1457/58 – 1521/24 жылы шамамен) – 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың бас кезінде парсы тілінде жазған тарихшы әрі әдебиетші. Орта Азия мен Қазақстанның тарихы жөніндегі «Михман наме-и Бұхара», («Бұхара мейманының жазбасы») атты шығарманың авторы. Нақты өмірбаяндық мәліметтері жоқ.[2]

Шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Рузбеханның әкесі – Жемал әд-Дин Рузбехан ғұлама ғалым болған. Балалық шағы Шираз бен Исфаhанда өтті. Ол 25 жасында Хиджаз бен Египетке аттанып, сол кездегі ғылым ордаларынан дәріс алады. 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың басында Орта Азия мен Иран билеушілерінің сарайларында жоғары лауазымды қызметтер атқарады. Әзербайжандағы Сұлтан Якуб Аққойлының сарайында қызмет етті (1478–1490). 1491–1492 жылдары Аққойлы әулетіне арналған тарихи шығармасы «Тарих-и Аламар-йи Аминиді» аяқтады. Сұлтан Якуб қайтыс болғаннан кейін ол Әмір Темір әулетінің өкілі Сұлтан Хұсайын мырзаның қол астында қызмет істеді (1496–1506). 1504 жылы Қашанға шах Исмаил Сефевидің әскері басып кірді, сүнниттерге ойран салды. Рузбехан Иранды тастап, Мауераннахрдағы Мұхаммед Шайбани ханның сарайына келді. Рузбехан Мұхаммед Шайбани ханның жақын адамы ретінде жорықтарда жанында болды, діни айтыстарға, әңгіме-кеңеске қатысып отырды. 1510 жылы Мұхаммед Шайбани хан қайтыс болған соң, Рузбехан оның жиені Ұбайдолла ханға қызмет етті. 1515 жылы оған «Сулук әл-мулук» атты саяси трактатын арнады. Рузбехан Орта Азия мен Қазақстан тарихнамасына «Михман наме-йи Бұхара» атты кітаптың авторы ретінде енді. Шын мәнінде онда 15–16 ғасырлардағы елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси өмірін, қазақтар мен көшпелі өзбектердің этникалық құрамын дәл сипаттаған. Рузбеханның қазақтардың тұрмысы, шаруашылығы, Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалаларының жай-күйі, Орта Азия мен Қазақстанның сауда-экономикалық байланыстары, Қазақ хандығы мен Шайбани әулеті билеушілерінің саяси қарым-қатынасы жөніндегі мәліметтері құнды.

Рузбехан шығармалары 15 – 16 ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихын зерттеушісі ғалымдардың (А.Ю. Якубовский, М.Салье, М.П. Вяткин, П.П. Иванов, А.А. Семенов, С.К. Ибрагимов, М.А. Абдураимов, Б.А. Ахмедов, Р.Джалилова) еңбектеріне арқау болды. «Михман наме-йи Бұхараның» қолжазбасы Ташкент пен Стамбұлда сақтаулы.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
  2. Тараз энциклопедиясы