Александр Константинович Глазунов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Александр Константинович Глазунов
Сурет
Негізгі ақпарат
Туған күні

29 шілде 1865 (1865-07-29)

Туған жері

Санкт-Петербург, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

21 наурыз 1936 (1936-03-21) (70 жас)

Қайтыс болған жері

Нейи-сюр-Сен, Франция

Мемлекет

 Ресей империясы
 КСРО

Мамандығы

сазгер

Жанрлары

симфония, классикалық музыка

Марапаттары

РКФСР халық әртісі

{{{Есімі}}}


Александр Константинович Глазунов (29 шілде 1865, Санкт-Петербург21 мамыр 1936, Нёйи-сюр-Сен) — орыс композиторы, дирижёр, музыкалық-қоғам қайраткері, Петербург консерваториясының профессоры (1899), 1907-1928 — жылдары оның директоры. Халық әртісі (1922).

Әкесі кітап баспагері болып жұмыс істеген, анасы пианистші болған. Білімін Екінші Петербург реалды училищесінде алған, оны аяқтағаннан соң Петербург университетінде тыңдаушы болып қызмет атқарды. Жақсы есту қабілеті бар, музыкалық дарындылығы бар бола тұра, Глазунов фортепианода тоғыз жасынан бастап ойнап үйрене бастаған. 1879 жылы ол Милий Балакиревпен танысты, ол оның шығармашылық дарынына жоғары баға беріп, оны Николай Римский-Корсаковқа ұсынды. Римский-Корсаковпен Глазунов начал музыка теориясы мен композициясын оқи бастады, бір жарым жыл ішінде гармония және аспапатар формасы курсын аяқтады. 1882 жылы Глазунов өзінің алғашқы симфониясын жазды, ол Балакиревтің басшылығымен қойылымға сәтті ұсынылды, жақында оның алғашқы ішектік квартеті пайда болды. Глазуновтың шығармашылығына белгілі меценат және өнер жақтаушысы Митрофан Беляев қызыға бастады, ол орыстың жас композиторларын қолдауды мақсат ететін. 1885 жылы Беляев Орыс симфониялық концерттерінің циклын ұйымдастырып, Лейпцигте музыкалық баспа ашты, бір жыл бұрын оның қолдауымен Глазунов алғаш рет шетелге жол жүріп, оның алғашқы симфониясы сахна төріне шыққан. Сол кезде Глазунов Ференц Листпен танысты, ол оның шығармашылығын жоғары бағалаған. Петербургке оралып, Глазунов «Беляев ұйымының» мүшесіне айналды, ол ұйымның ішіне Римский-Корсаков, Лядов, Малишевский, Витолс, Блуменфельд және басқа да музыканттар кірген. «Мықты түйін» дәстүрін жалғастыра отырып, беляевтықтар батыс музыкалық мәдениетіне де еліктеді.

Глазунов қазан революциясынан кейін өзінің лауазымында қала алды. Жаңа режиссер Анатолий Луначарскиймен қарым-қатынасын жақсартты. Ол фабрикаларда дирижер ретінде сахна төріне шықты, клубтар мен музкыкалық концерттерде, мемлекеттің коғамдық өміріне де белсенді араласты. 1922 жылы оған Республиканың халық әртісі деген лауазым берілді. Соған қарамастан консерваторияда кейбір композиторлар мен профессорлар, студенттер Глазуновқа қарсы болды. 1928 жылы Глазунов Венадағы композиторлық сайысқа шақырылды. Ол Франц Шуберттің жүз жылдығына арналған мереке еді, сол сайыстан соң Глазунов КСРО ға қайтты. Глазунов формальды түрде консерваторияның ректоры болып 1930 жылға дейін қызмет атқарды (оның міндетін Максимилиан Штейнберг атқарды). Кей кездері Глазунов дирижёр ретінде, ал 1932 жылы денсаулығының өзгеруіне байланысты әйелімен бірге Парижге кетіп қалды, ол жерде өте сирек кездері шығармалар жазды. (оның соңғы жұмыстарының ішінде — саксофон мен оркестрге арналған, Сигурд Рашерге арналған шығармасы бар).

Глазунов Парижде 1936 жылы қайтыс болды. Ал 1972 жылы оның күлі Ленинград қаласына көшірілім, арнайы іс-шара арқылы Александро-Невск лаврысының Тихвинск зиратына жерленді. Мюнхенде композитордың шығармашылығын зерттеумен айналысатын институт ашылды Оның партитураларының мұрағаты Парижде орналасқан.

Композитордың аты Санкт-Петербург консерваториясының кіші залына берілді.

Шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Глазунов музыка тарихында беделді орынға ие. Өзінің шығармаларының стилі бойынша ол «Жаңа орыс мектебіне» жақын, бірақ еуропаның классикалық музыкаларын ұнатады. Оның шығармалары ашық оркестрлігімен, үлкен гармониялық шеберлілікпен, жүқа лиризммен ерекшеленеді.

Әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Оссовский А. В. Александр Константинович Глазунов : Его жизнь и творчество : Очерк А. В. Оссовского. — Санкт-Петербург : изд. «Концертов А. Зилоти», 1907
  • Ганина М. А. К. Глазунов. Жизнь и творчество. — Л., 1961.
  • Курцман А. С. А. К. Глазунов. — М., Музыка, 1977. — 128 с.