Салық Зиманұлы Зиманов
Салық Зиманұлы Зиманов | |||||||||||||
Туған күні | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған жері | |||||||||||||
Қайтыс болған күні | |||||||||||||
Қайтыс болған жері | |||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||
Ғылыми аясы | |||||||||||||
Ғылыми дәрежесі |
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі. Заң ғылымдарының докторы, профессор | ||||||||||||
Марапаттары |
|
Салық Зиманұлы Зиманов (2 сәуір 1921 жылы Атырау - 4 қараша 2011 жылы Алматы) — қоғам және мемлекеттік ірі қайраткер тұлға, заңгер ғалым, Заң ғылымының докторы,профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері(1971). ҚР Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері (2001).
Жалпы мәлімметтер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 3иманов өзінің «Қазақтардың 19 ғ-дың 1-жартысындағы қоғамдық құрылысы», «Қазақстанның 18 ғасырдың соңы мен 19-дың алғашқы жартысындағы саяси құрылысы» атты еңбектерінде және «Абай ережелері» атты Ғылыми мақаласында Абайдың қазақ тарихындағы алатын орнына жоғары баға беріп, қазақтардың әдет-ғұрып заңдарын жетілдіруге қосқан үлесі мен праволық көзқарастарын саралады.[1]
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1948 - Бүкілодақтық заң институтын бітірген.
- 1944-1945 - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Дивизион командирі, миномет полкі және артилериялық полк командирі болып, полковник шенімен әскери қызметтен босаған.
- 1946–47 - Майданнан оралған соң Гурьев облысы прокуратурасында тергеуші, аға тергеуші.
- 1947–48 - Қазақ КСР-і Прокуратурасы жанындағы ерекше маңызды істер жөніндегі тергеуші қызметін атқарды.
- 1948–52 - Қазақстан ҒА құқық секторының аспиранты, аға ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі болды.
- 1952–58 - Алматы мемлекеттік заң институтының директоры, ҚазМУ-да декан.
- 1958–69 - Қазақстан ҒА Философия және құқық институтының директоры,
- 1969–76 - осы институттың бөлім меңгерушісі, құрметті директоры,
- 1976–77 - Қазақстан ҒА Төралқасының бас ғалым-хатшысы қызметтерін атқарған.
- 1995 жылдан Қазақ академиялық университеттінің ректоры,
- 1999 жылдан Қазақстан ҰҒА Төралқасының мүшесі.
Халқына қызмет етуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Зиманов Салық 1990–95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесіне халық депутаты болып сайланып, Жоғарғы Кеңес Төралқасының, Сыртқы қарым-қатынастар мен парламентаралық байланыстар комитетінің мүшесі, Ардагерлер мен мүгедектер жөніндегі комитет төрағасы болды. Білікті заңгер маман ретінде егемендік, тәуелсіздік жолын таңдаған Қазақстанның халықаралық қарым-қатынастарын заңдастырып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру, президенттік басқару институтын енгізу, құқықтық-демократиялық реформаларды жүргізу ісіне, т. б. белсене араласты. Ол 1992–93 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Консультативтік кеңестің, мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі болды.
Зимановтың ғылыми-зерттеу еңбектері, негізінен, мемлекет және құқық тарихы мен теориясына, Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да аймақтарында ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігіне, т. б. өзекті мәселелерге арналған. Сондай-ақ, Зимановтың құқық теориясына, қазақтың дәстүрлі құқықтық мәдениетіне, шариғат заңдарына қатысты бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрді.
1986 жылы Желтоқсан оқиғасы кезінде де ол азаматтық ерлік көрсетті. Империялық орталықтың үлкен лауазымды өкілдерінің қазақ халқы атына айтқан астам пікірлеріне тайсалмай қарсы шығып, ұлт намысын, ел абыройын нақты да кесімді дәлелдермен қорғап қалды. Қазақстан Республикасы құрылғаннан кейін Зимановтың ғылыми және қоғами-саяси қызметінің жаңа, жемісті кезеңі басталды. Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі көптеген жаңа заңдарды қабылдауға тиіс болды. Осы жауапты тарихи кезеңде Зиманов Салық - білімділік, қайраткерлік қырымен танылды. Қазақ мемлекеттігі мен қазақ халқының тарихында шешуші рөл атқарған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» (25.10.1990) жобасын дайындау жөніндегі комиссияны басқарды. Ел тарихындағы екінші бір аса маңызды саяси актінің – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның (16.12.1991) жобасын дайындау жөніндегі комиссияның жетекші мүшелерінің бірі болды. Ол Жоғарғы Кеңестегі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын әзірлеу жөніндегі Конституциялық комиссияның мүшесі болды, мұнда ол сарапшылар тобын басқарды.
Зимановтың «КСРО-дағы автономиялау теориясы мен практикасы» (1998) атты зерттеу еңбегі ТМД мемлекеттерінің ғылыми жұртшылығының арасында зор серпіліс туғызды. Онда алпауыт держава – КСРО-ның ыдырауының көрінісі және оның бұрынғы автономиялық аумақтары негізінде жаңа тәуелсіз республикалардың құрылуы нақты да талдамалы тұжырымдарға сүйене отырып дәлелденген.
Зиманов Салық - 10 томдық «Қазақтың ата заңдары» энциклопедиясына ғылыми жетекшілік жасауда. Зиманов Салық Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығы (1993), Қазақстан мемлекеттік сыйлығы (2002) лауреаты. «Парасат» орденімен (2002), екі рет Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.[2]
Шығармалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Общественный строй казахов первой половины XIX в., А.-А., 1958;
- Политический строй Казахстана конца ХVIII и первой половины XIX веков, А.-А., 1960;
- Политические взгляды Чокана Валиханова, А.-А., 1965;
- Ленин и национальная государственность в Казахстане, А.-А., 1976;
- От освободительных идей к советской государственности в Бухаре и Хиве, А.-А., 1976;
- Казахский отдел Народного Комиссариата по делам национальностей РКФСР, А.-А., 1975;
- Казахский революционный комитет, А.-А., 1981;
- Национальная государственность и сближение наций, А.-А., 1983;
- Теоретические вопросы советского национально-государственного строительства, А.-А., 1987;
- Конституция и Парламент Республики Казахстан, А., 1996;
- Теория и практика автономизации в КСРО, А.,
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 2 сәуірде туғандар
- 1921 жылы туғандар
- Атырауда туғандар
- 4 қарашада қайтыс болғандар
- 2011 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Отан орденінің иегерлері
- Парасат орденінің иегерлері
- Халықтар Достығы орденінің иегерлері
- Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Қазақстан заңгерлері
- Қазақстан ғалымдары
- Профессорлар
- Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары
- Отан соғысы орденінің иегерлері
- Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері
- Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегерлері
- Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары
- Еңбек ардагері медалінің иегерлері