Ғазал

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ғазал (араб.: غزل‎, әз. qəzəl) - негізінен кемі үш, көбі 12 бәйіттен түзілетін бірыңғай ұйқасы бар өлең. Парсы-тәжіктің классикалық поэзиясында Хафизден бастап кеңінен тараған. Негізгі мазмұны махаббат сезімін жырлау болып келеді. Сәтті, сәтсіз махаббат күйі шертіледі.

Түркі тілдес әдебиетте ғазалдың айтулы шебері Әлішер Науаи болған. Шығыс поэзиясының әсерімен лирикалық ғазал түріндегі өлеңдер батыс әдебиетінде де пайда болады. Шығыстың ақындарын аудару тұсында бұл үлгі ұшырасып қалады. В.Брюсовтың аяқталмаған "Адамдар түстері" кітабында ғазал түрінде құрылған өлеңдер кездеседі. Қазақ поэзиясында бұл өлең түріне Ақан сері, Әсет және кітаби ақындар назар аударған. Мысалға, Ақан серінің "Көңіл тілегі" атты өлеңін алуға болады:

Бағаңа құн жетпестің бірі едіңіз,
Бақшада жаңа шыққан гүл едіңіз.
Сұқсырдай су ішінде мекен етіп,
Ілінбей қармағыма жүр едіңіз.
Көрініп қолға түспей жүрсің, қалқа,
Қай жерде мекен еткен түнегіңіз.
Түн қатып, түнегіңнен ұшқаныңша,
Үзілмес, сірә, сізден күдеріміз.
Үмітім көңілімдегі бітер еді
Артылса ақ төсіңе білегіміз.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Әдебиеттану: терминдер сөздігі / – 3-ші бас. . - Семей-Новосибирск : Талер-Пресс, 2006 . - 400 б. ISBN 9965-776-24-5