Антарктозавр
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Антарктозавр — осыдан 75 миллион жыл бұрын кейінгі Бор дәуірінде өмір сүрген шөппен қоректенетін титанозавр. Ұзындығы — 18, биіктігі — 6 метр, салмағы — 40—70 тонна. Оңтүстік Американы мекендеген ең ірі зауропод сол кезде өмір сүрген жануарлардың ең үлкені болған. Оның қаңқасын ғалымдар алғаш рет 1916 жылы ашқан. Уақыт өте келе динозаврдың сүйектері Үндістан, Уругвай, Чили, Бразилия, Қазақстан, Африка сияқты елдердің аймағынан да табылды. Ол тіпті Антарктидада өмір сүрген болуы мүмкін. Динозврдың екі ортан жілігі, бүтін емес екі жамбас сүйегі қалпына келтірілді. Табылған сан сүйектерінің бірінің ұзындығы — 2,2 метр. Соған қарап динозаврдың таңғажайып үлкен болғанынаанық көз жеткізе аламыз.
Қызықты дерек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Оның қаңқасы бірінші рет Аргентинадан табылды.
- Динозаврдың қаңқасы 1916 жылы қазылып алынды.
- Антарктозавр алғаш рет Аргентинадан табылды.
Мәліметтер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қорегі : жапырақтар, жемістер, өсімдіктер
- Салмағы : 40—70 тонна
- Тұқымдас : Антарктозаврид
- Отряд тармағы : Зауоподоморф [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы