Мазмұнға өту

Араукария

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Араукария

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Magnoliophyta
Табы: Magnoliopsida
Тегі: Араукария

АРАУКАРИЯ (АRAUCARIA) – өзінің ине секілді қылқанды жапырақтарымен көпке таныс өсімдік. Оның «үй шыршасы» деген қосымша аты бар. Үй жағдайында өте жай өседі. Мәдени түрде өсіріліп жүрген түрлерінің басым көпшілігі “Чили араукариясы” (Araucaria araucana). Ол табиғатта Аргентинаның Чили тауларында өседі, биіктігі 50 метрге дейін жететін алып ағаш. Табиғаттағы араукарияның бір бұтағының ұзындығының өзі 6-7 метр және қылқандары да жуан болады. Ғалымдардың пайымдауынша араукария 2000 жылға дейін өмір сүреді. Ол мәдени түрде қолданысқа 1795 жылдан бастап еніп, өсіріліп келеді. Еуропа халқы араукарияны «Жаңа жыл шыршасы» ретінде көп қолданады және қала көгалдандыруға да пайдаланады. Ал, ол еліміздің гүл мәдениетіне жаңадан енген, әлі де болса кең таралып үлгермеген экзотикалық өсімдік болып саналады. Тіке түскен күн көзінен сақтау қажет, жарық және алакөлеңкеде өседі.

Ауа температурасы жыл мезгіліне қарамастан 16-18 0С-тан төмен болмауы қажет.

Суғарылуы:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Топырағының үнемі ылғалды болып тұрғанын қаламайды. Сол себепті сирек суғарған жөн.

Ылғалдылығы:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үй жағдайындағы араукарияны жасанды жолмен ылғалдандырып отыру қажет. Ол үшін күніне бір рет қылқандарына су бүркіп тұрса жетіп жатыр.

Қоректендірілуі:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көктем, жаз кездерінде екі аптада бір рет органикалық тыңайтқышпен қоректендіріп тұрса, қылқанының түсі қанық болады.

Ауа мөлшеріден тыс құрғап кеткен жағдайда төменгі қылқандары сарғайып түсе бастайды. Ауруға көп шалдықпайды. Өте сирек жағдайларда ғана тамырына құрт түсуі мүмкін.

Көбейтілуі:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Арнайы мамандар болмаса, үй жағдайында көбейту қиын. Сондықтан дайын көшетін сатып алған тиімді.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727