Киікбай Мыңбайұлы Жаулин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Киікбай Жаулин
Киікбай Мыңбайұлы Жаулин
Лауазымы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры
тамыз 2011 — қазан 2011
Ізашары Қазмағамбетов Алтай
Ізбасары Мамраев Бейбіт
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 14 сәуір 1965 (1965-04-14) (59 жас)
Жарқамыс ауылы, Байғанин ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақ КСР
Марапаттары
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызыметкері

Киікбай Мыңбайұлы Жаулин (14 сәуір 1965 жыл, Жарқамыс ауылы, Байғанин ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақ КСР) — саяси ғылымдарының докторы (2009), профессор (2011).

Жаулин Киікбай Мыңбайұлы 1965 жылдың 14 сәуірінде Ақтөбе облысының Байғанин ауданы, Жарқамыс селосында дүниеге келген.

1983-1990 жылдары Гурьев педагогика институтының студенті.

1984-1986 жылдары совет армия қатарында.

1990-1993 жылдары Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Саяси тарих және саяси экономика» кафедрасының оқытушысы.

1993-1994 жылдары Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы.

1994-1997 жылдары Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы.

1997-1998 жылдары Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің сырттай оқу факультеті деканының орынбасары.

1998-2000 жылдары Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының Доценті.

2000 жылы Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Кеден және құқық пәндері» кафедрасының меңгерушісі.

2000-2003 жылдары Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің заң факультетінің деканы.

2003 жылы Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің экономикалық болжау және басқару жөніндегі проректоры.

2003-2004 жылдары К. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры.

2004-2005 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістемелік басқармасының бастығы.

2005-2006 жылдары Атырау мұнай және газ институтының өндіріс жөніндегі проректоры.

2006-2007 жылдары Гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры.

2007-2008 жылдары Атырау облыстық ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.

2008-2009 жылдары Атырау мұнай және газ институтының «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры.

25.08.2009 жылы «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының меңгерушісі.

16.08.2009-10.12.2010 жылдары Атырау қаласы әкімінің орынбасары.

10.12.2010 жылы Атырау облыстық білім беру басқармасының бастығы.[1]

13.08.2011 жылы Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Ректоры.[2]

01.09.2012 жылы Атырау мұнай және газ институтының ғылыми-зерттеу орталығының директоры.

01.11.2013–06.08.2018. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры.[3]

06.08.2018-25.10.2018. Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы бірлестігі төрағасының орынбасары.

25.10.2018–12.12.2019. Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы бірлестігінің төрағасы.

13.12.2019 бері «Маңғыстау профсервис» ЖШС-нің директоры.

Ғылым академиясының тарих және этнология институты жанындағы мамандандырылған кеңестің 1997 жылғы 7 мамырдағы шешімімен тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. Диссертация тақырыбы «Батыс Қазақстандағы шаруа қожалықтарын ұжымдастыру және 1932-33 жылдардағы ашаршылық».

1998 жылы Жоғарғы аттестациялық комиссияның шешімімен доцент атағы берілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылу комитетінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі шешімімен саяси ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. Диссертация тақырыбы «Саяси жаңару — Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының кепілі: саяси талдау».

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылы 11 сәуірдегі шешімімен саясаттану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі атағы мамыр айында, 2019 жылы берілді.

200-ге тарта мақалалары, 4 монографиялық еңбегі және 3 оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан мұнайына 100 жыл» төс белгісімен (2000), Атырау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен (2001), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен (2001), Ұстаздық қызметінде білім беру мен ғылым саласындағы еңбегі мен жетістігі үшін «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің кұрметті қызметкері» төс белгісімен (2005), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатына ие болды (2005), «Отан» ХДП-сы Орталық аппаратының Құрмет грамотасымен (2006), Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен (2008), «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен (2014), Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен (2015), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет грамотасымен (2015), «Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының дамуына қосқан үлесі үшін» мерекелік медалімен (2016), Атырау облысының «Жыл үздігі – 2017», Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Ы. Алтынсарин» медалімен (2018), Маңғыстау облысы әкімінің «Алғыс хатымен» (2018), «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен (2019), «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» медалімен (2019), Маңғыстау облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен (2019), «Ұлт қайраткері» атағы беріліп төс белгісімен (2020) марапатталды.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Жаулин білім басқармасына басшы болды
  2. Жаулин Киікбай Мыңбайұлы
  3. http://www.zherlester.akt.kz/kz/people/2215