Түрке балық
Көрініс
Түрке балық | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
лат. Coregonus autumnalis
| ||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||
| ||||||
Екі-есімді атауы | ||||||
Coregonus autumnalis Pallas, 1776 |
Түрке балық - Арктикалық Омуль - лат. Coregonus autumnalis - Албырт тұқымдасына жататын балық.
Биологиялық сипаттама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дене тұрқы - 64см, салмағы 2,7 кг.
Түрке балық жыныстық жағынан 6-8 жасында жетіледі. Қыркүйек-қазан айларында уылдырық (7 700-413 000) шашады.
Ұсақ омыртқасыздар, планктонмен көректенеді.
Түрке балықтың еті дәмді және майлы(10,4%).
Байкалда ғана кездесетін Байкал омуліің (C.a. migratorius) кәсіптік маңызы үлкен.
Солтүстік Мұзды мұхит омулінен ірі (7 кг-ға дейін), етінің майлылығы 15%, сонымен сонымен қатар Байкалдаң аулайтын балықтың 50-70%-і осы Байкал омулінің үлесіне келеді.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Түрке балық Солтүстік мұзды мұхитта таралған, уылдырық шашуға осы мұхитқа құйылатын Сібір өзендеріне шығады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Позвоночные животные России: омуль Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы.
- Омуль: Описание и фото