Мазмұнға өту

Патологиялық өтірік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Патологиялық өтірік

Патологиялық өтірік (pseudologia fantastica және мифомания) — әдеттік не компульсивті өтірік айту. [1][2] Медициналық әдебиетте алғаш рет 1891 жылы Антон Дэльбруэкпен сипатталған. Қарама-қайшылыққа толы тақырып болса да, патологиялық өтіріктің сипатталуы келесідей: "кез-келген аяқталуға сәйкес келмейтін, өте күрделі болу мүмкіндігі бар және бірнеше жыл немесе тіпті өмір бойы көрінетін жалған".

Сипаттамалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Патологиялық өтіріктің анықтауыш белгілері:

  • Жоғарыда айтылған мінез-құлықтың мақсаты сыртқы емес, толығымен ішкі; ұзақ уақыт бойы жалғасып жатқан бопсалаушылық немесе тұрмыстық зорлық тоқтамай жалған айтудың себебі бола алады.
  • Көбінесе өтірік науқастың күйін, мәртебесін жақсарту үшін айтылады. Өтірікші әңгімелерінде өзін протогонист немесе құрбан ретінде көрсету арқылы "өз тұлғасын безендіреді". Мысалы, өтірікші қиялдан асқан батыр; сан алуан әйгілі адамдарды танитын және олардың туысы; үлкен күш, сарқылмас байлық иесі ретінде өз-өзін таныстыруы мүмкін.

Кейбір психиатрлар компульсивті және патологиялық өтірікті екі түрлі дерт деп қарастырса, басқалары екеуін бір санайды. Тіпті компульсивті өтірік деген сырқат мүлдем жоқ дейтіндер де бар.[3]

Патологиялық өтірікке диагноз қою қиын. Психологтар бұл аурудан туындайтын мәселелерді психикалық ауытқу ретінде тануға үйретілген. Ол Психикалық Бұзылыстардың Диагностикалық және Статистикалық Нұсқаулығының үшінші басылымына енгізілген.[4] Ол өзі жалғыз да психикалық бұзылыс болғанымен, психопатиялық, әлеуметке қарсы, нарцисттік және гистриондық тұлға бұзылыстардың белгісі ретінде де қарастырылады. Дегенмен де, патологиялық өтірікшілер басқа психикалық ауруларға шалдықпауы да мүмкін.

Жалған детекторы арқылы патологиялық өтірікшілер күйзеліс, күнә және жағымсыздықты өтірік арқылы көрсететіні анықталған. Бұл қасиет айтылған сезімдерге мүлдем шамасы келмейтін психопаттарға бейтаныс. Әлеуметтікке қарсы психикалық ауытқулар иестеры жалғанды өзгелерден көбінесе ақша, күш және билік түріндегі пайда табу мақсатында қолданады. ПӨ-лердің себебі тек жеке бастарына байланысты. Шекаралық тұлға бұзылыс мен патологиялық өтірік айырмашылығы ШТБ-ға шалдыққандар қатыгездік пен жалғыздықтан құтылу не шешу үшін суицид жайлы бос бойбалам я олардан бас тартқаны жайлы бос айыптауды пайдаланады. Паталогиялық өтірікшілер өздерін жалғыз немесе олардан бас тартқандай болып сезінбейді; олардың өздеріне-өздерінің сенімі әсірелеу болғандықтан оларға өтірік соғу оңай. Гистриондық бұзылысы бар кісілер Pseudologia Fantastica-ға қарағанда сөзден гөрі іске құмар. Нарцисттер өздерін кемеліне келді деп санап басқаларға аяусыз қарайды. PF пациенттерде бұндай әлеуметке қарсы ауытқулар кездеспейді; олардың өтірік айту себебі өздерінің өмірі тым қызықсыз деп санауы. Қазіргі жүйемізде мақсатсыз, жеке басының қалауынан жалған айту тек симулятивті бұзылыста (Мюнхгаузен синдромы) кездеседі. Ол өздерінде түрлі физикалық не психологиялық ауытқулар бар туралы өтірік айтатындарды сипаттайды. PF науқастары көбінесе дара тұлғасы мен өткен өмірі жайлы өтірік айтады. Белгілері әртүрлі болғандықтан пациентке диагноз қойылмауы да мүмкін. Дегенмен олар белгісіз тұлға бұзылыстары арқылы (АХЖ-10 коды F69) немесе "Ересектердің басқа белгілі тұлға және мінез-құлық бұзылыстары" (АХЖ-10 коды F68.8) өзін "Бұл категория ересектер арасындағы жеке тұлғаның белгілі бұзылысын және алғы тақырыптарға жатқызылмайтын мінез-құлық кодын кодтау үшін қолданылуы керек" деп сипаттағандықтан патологиялық өтірікшілер осы диагноздар арқылы қарала алады. Белгілі бұзылыстар болып психологиялық себептерден (ақша және т. б. сияқты материалды емес) туындайтын айла танылады. Сонымен қатар, психиатриялық ауру ретінде қарастырылу үшін мінез-құлқы қажетті шарттарға сай болуы тиіс.

Психопатия

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Патологиялық өтірік Психопатия бақылау тізімінің 1-ші Факторына енеді. (PCL).[5]

Патологиялық өтірікшілер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өтірік айту деп әдейі және соны біле тұра жалған тұжырым жасау әрекеті.[6] Кәдімгі өтірік қорғаныш қызметін атқарып, шындықтан кейінгі салдардан құтылу үшін айтылады. Қолдану мақсаты жиі өзгелердің сезімін аяуды, әлеуметік-тұрмыстық көзқарасты көрсету мен адамдардың өзара қатынасын қосады. Патологиялық өтірікке жалған тұжырым жасау әдетке ену деген сипаттау береді; тұлға өтірікті ешбір жеке пайдасыз айтқанда жетілетін күй.  

Патологиялық өтірікші болудың бірнеше салдары бар. Сенімнің тапшылығы мен жоқшылығына байланысты қоршаған ортамен қарым-қатынастары құлдырайды. Патологиялық өтіріктің заңға қарсы әрекеттерге апаруы да болжамды (мысалы, алаяқтылық).[7]

Эпидемиология

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Патологиялық өтірікке орташа шалдығу жасы 16 жыл. Сол кезде адам санасы орташа не одан жоғары даму деңгейінде болады. Аурулардың 30%-ның отбасы мүшесінде психикалық ауытқулар байқалған. Ерлер мен әйелдер арасында таралуы теңбе-тең.[8][9] Психологиялық өтірікшілердің 40%-да орталық жүйке жүйесінің эпилепсия, электроэнцефалография, назар жетіспеушілік синдромы мен гиперактивтілік, бас травмасы сияқта ауытқулар табылды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "pseudologia lying revisited". The Journal of the American Academy of Psychiatry and the Law 33 (3): 342–9. 2005. PMID 16186198. http://www.jaapl.org/cgi/pmidlookup?view=long&pmid=16186198. 
  2. Dike, Charles C. (June 1, 2008). Pathological Lying: Symptom or Disease?. 25. http://www.psychiatrictimes.com/display/article/10168/1162950. 
  3. The Truth About Compulsive and Pathological Liars. Тексерілді, 28 қаңтар 2017.
  4. Mayes, Rick; Horwitz, Allan V. (2005-06-01). "DSM-III and the revolution in the classification of mental illness". Journal of the History of the Behavioral Sciences 41 (3): 249–267. doi:10.1002/jhbs.20103. ISSN 1520-6696. PMID 15981242. http://onlinelibrary.wiley.com/doi/10.1002/jhbs.20103/abstract. 
  5. Skeem, J. L.; Polaschek, D. L. L.; Patrick, C. J.; Lilienfeld, S. O. (2011). "Psychopathic Personality: Bridging the Gap Between Scientific Evidence and Public Policy". Psychological Science in the Public Interest 12 (3): 95–162. doi:10.1177/1529100611426706. ISSN 1529-1006. http://www.psychologicalscience.org/index.php/publications/journals/pspi/psychopathy.html. 
  6. Lying. (n.d.). Dictionary.com Unabridged. Retrieved September 26, 2011, from Dictionary.com website: http://dictionary.reference.com/browse/lying
  7. Dike, C. (2008). Pathological lying: symptom or disease? Lying with no apparent motive or benefit. Psychiatric Times, 25(7), 67–73. Retrieved from EBSCOhost.
  8. Healy, M., & Healy, W. (2004). Pathological lying, Accusation And Swindling. Winnetka, Illinois: Kessinger Publishing.
  9. "Pseudologia fantastica". Acta Psychiatrica Scandinavica 77 (1): 1–6. January 1988. doi:10.1111/j.1600-0447.1988.tb05068.x. PMID 3279719. 

Қосымша оқу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • "Pseudologia fantastica, factitious disorder and impostership: a deception syndrome". Medicine, Science, and the Law 38 (3): 198–201. July 1998. PMID 9717367. 
  • Newmark N; Adityanjee; Kay J (1999). "Pseudologia fantastica and factitious disorder: review of the literature and a case report". Comprehensive Psychiatry 40 (2): 89–95. doi:10.1016/S0010-440X(99)90111-6. PMID 10080254. 

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]