Мазмұнға өту

Автоматты телефон станциясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Автоматты телефон станциясы (АТС) (Автоматическая телефонная станция (АТС)) - бір телефон аппаратындағы шақырыс сигналын басқа аппаратқа автоматты түрде жіберетін құрылғы. АТС-ке алғашқы патент (US Patent No. 447918 10/6/1891) 1889 жылы американ өнертапқышы Элмон Строуджерге берілді. АТС жұмыс істеу принципі мынадай: құралдардың жұмыс істеуі абоненттің бақылауымен, АТС-тің басқару құралдарымен қашықтан бақылау арқылы жүзеге асады, ал олардың дәйектілігі алдын ала анықталып, автоматты түрде орындалады. АТС-тегі әрбір шақыруға қызмет көрсету кезіндегі барлық іс-әрекеттер, тығыз байланысқан процестердің күрделі жиынынан тұрады. АТС құрылғысы жалғаушы құралдардан, сигнал беруші құралдардан, басқарушы құралдардан тұрады. АТС құрылғысының негізгі жалғаушы құралдарына іздегіштер мен жалғағыштар жатады.

АТС-тің түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

АТС-тің түрлері төмендегілер жатады:

-машиналық;

-электромеханикалық (декадты-қадамды және координатты, квазиэлектронды);

-электронды;

-цифрлық (дәстүрлі және IP).

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6