Аламо миссиясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Аламо миссиясы

Аламо миссиясы- Аламо «Сан-Антонио де-Валеро миссиясы» деген атпен танымал. Бұрын қамал әрі католик миссиясының қызметін атқарған. Бүгінде Техас штатының Сан-Антонио қаласында орналасқан мұражай. Ғимарат кешені ғибадатхана мен оны қоршаған құрылыстардаң қамал түрінде салынған қабырғадан тұрады. Бұл құрылысты XVIII ғасырда Испан империясы жергілікті халыққа діни білім беру мақсатында салдырған. 1793 жылы Аламо кешені қараусыз қалды. 1849 жылы Техас штаты Америка Құрама Штаттарына енген соң, Аламо әскери бекініске айналды. «Аламо» деген атау әскери бекініс болғаннан кейін барып берілген деген болжам бар. Аламо ғимаратын кейде «Техастың киелі ордасы» деп me атайды 1876 жылы АҚШ әскері өз миссиясын тоқтатып, Аламо Техас штатына сатылды. Бүгінде Аламо көбіне туристер тамашалайтын жер немесе жай ғана тарихи ескерткіш ретінде бағаланады. Қазіргі Аламо мұражайының экспонаттары қару-жарақ пен сурет-көріністерден тұрады. Аламо - Сан-Антонио өзенінің бойында салынған алғашқы миссия. Аламо және басқа да осыған ұқсас миссиялардың көпшілігі бүгінге дейін сақталып, Сан-Антонио Ұлттық тарихи саябағының құрамына енген. АҚШ қарулы күштерінің ең алғашқы Құрмет медалінің иегері испан ұлтынан шыққан сарбаз болатын. Ол Аламо маңында ерлікпен қаза тапты. Кейін ол Сан-Антонио ұлттық бейітінің маңында жерленді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]