Мазмұнға өту

Аристакес Ластивертци

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аристакес Ластивертци
Արիստակես Լաստիվերտցի
Туған күні

1022 жылға дейін

Туған жері

Ластиверт елді мекені, Багратид Армениясы (қазіргі Эрзурум, Түркия)

Қайтыс болған күні

1072 жыл1087 жыл аралығында

Азаматтығы

Аний мемлекеті ( Багратид Аримениясы)

Ғылыми аясы

XI ғ. Арменияның тарихшысы

Аристакес Ластивертци (арм. Արիստակես Լաստիվերտցի (1022 т.ж.— (10721087)ө.ж.) — ХІ ғасырдағы ірі армян тарихшылардың бірі.[1].

"Армян халықының мұқтаждығы туралы баяндау"

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1001-72 жылдарды қамтитын "Армян халықының мұқтаждығы туралы баяндау" атты еңбектің авторы, Аристакес Ластивертци поэманың 25 тарауында тондрактиліктердің әлеуметтік қозғалысы, армян халқының Византия шапқыншылығы мен салжұқтардың шабуылына қарсы күресі, Ани, Арци т.б. қалалардың өз ара сауда байланыстары туралы құнды деректер бар. Бөлек тарауларда византиялық императорлар Константин VIII (1025—1028), Роман III Аргир (1028—1034), Михаил IV Пафлагонский (1034—1041), Константин IX Мономах (1042—1055), Исаак I Комнин (1057—1059), Роман IV Диоген (1068—1071) туралы деректер берілген.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Аристакес Ластивертци
  • Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том