Асықата
Кент | |
Асықата | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Кенттік әкімдік орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Кенттік әкімдігі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
40°53′13″ с. е. 68°21′10″ ш. б. / 40.88694° с. е. 68.35278° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 40°53′13″ с. е. 68°21′10″ ш. б. / 40.88694° с. е. 68.35278° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1942 |
Бұрынғы атаулары |
Киров |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲14245 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
13 |
Асықата шекарасы
|
Асықата — Түркістан облысы Жетісай ауданындағы кент, Асықата кенттік әкімдігі орталығы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан орталығы – Жетісай қаласынан солтүстікке қарай 17 км-дей жерде орналасқан.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
10682 | ▲11102 | ▲14245 | 128,3 | 5443 | ▲7119 | 130,8 | 5659 | ▲7126 | 125,9 |
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Іргесі 1939 – 40 жылдары Мырзашөл даласын игеру кезінде қаланып, "Бағара" ауылы деп аталған, 1940 – 62 жылдары Киров ауданының орталығы болды. 1962 – 67 жылдары "Киров" ауылы, 1967 – 95 жылдары Киров кенті болды. 1996 жылы аудан Асықата болып өзгеріп, орталығы – Асықата кенті болды. 1997 жылы аудан таратылып, Мақтаарал ауданына қосылды.
Кәсіпорындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кентте республикадағы ең ірі мақта тазалайтын зауыт жұмыс істеген, соның негізінде мақта жинайтын, өңдейтін АҚ, өнеркәсіп, шаруа қожалықтары құрылған.
Инфрақұрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Асықатада тұрмыстық қызмет көрсету орындары, 2 орта мектеп, мәдениет үйі, клуб, аурухана, емхана жұмыс істейді.
Бұл кент Қазақстан Жазушылар Одағын басқарған, дүние жүзінің қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары болған қоғам қайраткері Қалдарбек Найманбаевтың туған жері.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- ↑ Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.