АҚШ тәуелсіздік декларациясы
АҚШ тәуелсіздік декларациясы — Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін Соғыс кезінде 1776 жылы 4 шілдеде Филадельфияда өткен Екінші Құрлықтық конгрессте қабылданған. Тәуелсіздік декларациясының негізіне республикалық және демократиялық рухта жасалған Томас Джефферсонның жобасы алынды. Онда 13 британ отарының метрополиядан бөлініп, дербес, тәуелсіздік мемлекет – Америка Құрама Штаттарының құрылғанын жарияланды. Тәуелсіздік Декларациясы адамдардың заң алдындағы теңдігін, олардың өмір сүруге деген табиғи құқығын, бостандығы мен бақытқа ұмтылуын жариялады. Алайда құл иеленушілердің қысымымен декларация мәтінінен құлдықты айыптаған жолдар алынып тасталды. Кейіннен Тәуелсіздік Декларациясының қабылданған күні америка халқының ұлттық мейрамына айналды. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — Америка Құрама Штаттары туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |