Мазмұнға өту

Бейнетелефон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бейнетелефон (орыс. видеотелефон) екі жақты дыбыстық және көру байланысына (беру және қабылдау) арналған құрылғы. Ол телефон аппаратынан, берілетін теледидар камерасынан және қабылдауыш индикаторлық құрылғыдан тұрады. Бейнетелефон жиіліктің жіңішке жолағында жұмыс істейді, бұл әдеттегі телефон сымдары арқылы бейнелеу белгілерін беруді камтамасыз етеді. Қабылдау пунктінде алынған бейнелер мен олардың графикалық түсіндірмелері фотоға түсірілуі, магниттік таспаға жазылуы және қажет жағдайда қайта шығарылуы мүмкін. Құжаттарды табыстауға арналған бейнетелефон 1 минут ішінде 900 сөзі бар ақпаратты бере алады, осындай ақпаратты радиотелефон арқылы беру 3-4 есе, ал радиотелеграф арқылы беру 20-30 есе көп уақыт алар еді. Бейнетелефон ірі әскери құрамаларда, аэродромдарда және ірі кемелерде (авианосецтерде) қолданылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл