Мазмұнға өту

Волластонит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Волластонит

Волластонит , тақталы шпат – силикаттар класының минералы. Хим. формуласы Са3[Sі3O9]. Ағылшын химигі У.Х. Волластонның есімімен аталған. Триклиндік сингонияда жапырақ, таяқша, қабықша пішінді кристалдар түзеді, талшықты агрегаттар құрайды. Түсі ақ, сұр не қызғылт, кейде мөлдір. Қатт. 5 – 5,5, менш. салм. 2,78 – 2,91 г/см3. Жапсарлы-метасоматиттік, метаморфтық ортада түзіледі. В. қышқыл магма әсерінен мәрмәрланған, скарнденген әктастарда, ал терең белдемдерде метаморфтану әсерінен диопсид, везувиан, т.б. минералдармен бірге кездеседі. В. нәзік керамика жасауда, цемент дайындауда, лак, бояу, шыны, қағаз жасауда қоспа ретінде, сондай-ақ арнайы сүзгіш, минералдық мақта, тыңайтқыш, т.б. жасауда қолданылады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы