Мазмұнға өту

Ги Молле

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ги Молле
Guy Mollet
Ги Молле Қате өрнек: Таныс емес сөз «px»
Лауазымы
Франция премьер-министрі
1 ақпан 1956 жыл13 маусым 1957 жыл
Ізашары Эдгар Фор
Ізбасары Морис Буржес-Монури
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 31 желтоқсан 1905 (1905-12-31)
Флер, Орн департаменты
Қайтыс болуы 3 қазан 1975 (1975-10-03) (69 жас)
Париж
Ги Молле Ортаққорда

Ги Молле (фр. Guy Mollet) (31 желтоқсан 1905 жыл, Флер, Орн департаменты — 3 қазан 1975 жыл, Париж) — француз саясаткер және мемлекеттік қайраткер, 1 ақпан 1956 жылынан 21 мамыр 1957 жылына дейін Франция премьер-министрі бола отырып Төртінші Француз Республикасының министрлер кабинетін басқарған.

1923 жылдан Француз социалистік Партиясының (ФСП) функционері. 1946 жылдан Ұлттық жиналыстың депутаты. 194669 ж. ФСП-ның бас хатшысы, 195169 ж. Социалисттік интернационалдың вице-төрағасы. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірнеше жоғары мемлекеттік қызметтер атқарды. 19541956 ж. Еуропа одағы консультативтік ассамблеясының председателі. 1956 жылы Француз үкіметін басқарды. Молле үкіметінің Египетке қарсы ағылшын-француз-израиль арандатушылығына (1956) қатысуы, Алжирдегі отаршылдық соғыстары демократиялық күштер арасында жік туғызды. 1963 жылы Кеңес Одағына келіп қайтты. Молле Демократиялық Және социалисттік солшыл күштер федерасиясын құруға қолғабыс жасады (1965).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев