Мазмұнға өту

Джорджтаун университеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Джорджтаун Университеті
Университет атауы
Шынайы аты Georgetown University
Жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы 23 қаңтар, 1789
Түрі Жеке меншік
Орналасуы
Мекенжайы Вашингтон, АҚШ
Әкімшілік
Негізгі көрсеткіштер
Оқытушылар 2,610
Студенттер 19,005
Сайты georgetown.edu

Джорджтаун университеті (ағылш. Georgetown University) – Вашингтон қаласында орналасқан жеке меншік зерттеу университеті. Саяси ғылымдар және дипломатия саласындағы әлемдегі жетекші университет болып табылады.

Ағылшын революциясынан кейін ұзақ уақыт бойы Англия мен оның колонияларында католиктік білім беруге тиым салынған болатын. Алайда, 1783 жылы аяқталған Америка революциясы діни бостандық пен бұрынғы шектеулердің жойылуына әкелді.

Бенджамин Франклиннің ұсынысы бойынша Рим Папасы Пиус VI Джон Кэрролл атты діни қызметшіні Америкадағы Рим-Католик шіркеуінің басшысы етіп тағайындады. 1789 жылы Кэрролл Мэриленд провинциясындағы Джорджтаун қалашығында жер сатып алып, католик университетін сала бастады.[1]

Университет құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Өнер және ғылым колледжі (1789)
  • Өнер және ғылым жоғары мектебі (1820)
  • Медицина мектебі (1851)
  • Заң орталығы (1870)
  • Мейірбике мектебі (1903)
  • Уолш атындағы дипломатиялық қызмет мектебі (1919)
  • Стоматология мектебі (қазір жоқ) 1951
  • Үздіксіз білім беру мектебі (1956)
  • Макдоно бизнес мектебі (1957)
  • Джорджтаун университетінің Қатардағы кампусы (2005)
  • Маккорт атындағы мемлекеттік саясат мектебі (2013)
  • Денсаулық мектебі (2022)

Джорджтаун өзінің мемлекеттік басқару мен халықаралық қатынастар саласындағы түлектерімен танымал. Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Билл Клинтон 1968 жылы дипломатиялық қызмет мектебін бітірді[2], ал президент Линдон Джонсон 1934 жылы Джорджтаунда біраз уақыт заңгер мамандығы бойынша бір семестр оқыды.

Танымал түлектерге бұлардан басқа Колумбия президенті Иван Дуке Маркес, Коста-Рика президенті Лаура Чинчилла, Ливан Премьер-министрі Саад Харири, Филиппин президенті Глория Арройр, Португалия Премьер-Министрі Хозе Мануэль Баррозо кіреді. Испания Королі VI Филипп, Иордания Королі ІІ Абдулла мен оның баласы Хусейн, Сауд Арабия Турки Аль-Сауд. Қатар Мемлекетінің Тақ мұрагері Абдулла бин Хамад Аль Тани Джорджтаунның Қатардағы кампусын бітірген.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://www.georgetown.edu/who-we-are/our-history/
  2. ""Other than Bill Clinton, have any U.S. presidents attended Georgetown? - Georgetown University Library". www.library.georgetown.edu. Archived from the original on May 27, 2019. Retrieved May 27, 2019.
  3. "Notable Georgetown Alumni". Georgetown University in Qatar. June 22, 2014. Retrieved April 18, 2020.