Дәрілік сарыбасқурай
Көрініс
Дәрілік сарыбасқурай | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Sisymbrium officinale |
Дәрілік сарыбасқурай (лат. Sisymbrium officinale) - орамжапырақ тұқымдасы сарыбасқурай туысына жататын, бір жылдық, шөп тектес өсімдік.
Ботаникалық сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Биіктігі 60 см-ге дейін жетеді.
- Қолға қатты тиетін түктері бар, бұтақтары көп.
- Жапырақтары біркелкі емес, тілімделген, шеттерінде әр түрлі ойықтары бар. Сабақтың төменгі жағындағы жапырақтарының сағақтары ұзын, жоғарғы жағындағы жапырақтары отырмалы.
- Гүлдері сары түсті, майда, ұзынша масақ тәрізденіп сабақтың ұш жағында шоғырланып т ұрады. Гүл тостағаншасының қалақшалары да, гүл тәжі жапырақшалары да төрт-төрттен.
- Жемісі сопақша, ұшы біз тәрізді үшкір. Ерте көктемнен жаз айларына дейін гүлдейді.
Өсетін жері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тұрғын үйлердің маңайында, жолдардың жиектерінде, бос жатқан жерлерде, егістіктердің араларында өсе береді.
Құрамы, емдік қасиеті және қолданысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрамында эфир майлары, С дәрумені бар. Дәрі жасау үшін дәрілік сарыбасқурайдың жер үстіндегі бөлігін гүлдеген кезінде пайдаланады. Өсімдікті көбінесе құрқұлақ ауруына қарсы және несеп жүргізетін, қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданады. Дизентерияны емдеу үшін және іріңді жараларға да пайдаланылады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.