Егістік қарамықшасы
Көрініс
Егістік қарамықшасы | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
| ||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||
Agrostеmma githаgo |
Егістік қарамықшасы (лат. Agrostеmma githаgo) - қалампырлар тұқымдасы, қарамықша туысына жататын бір не екі жылдық шөптесін өсімдік.
Ботаникалық сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Биіктігі 30-80 см-дей.
- Өсімдікті түгелдей жұмсақ ұзын түк басқан.
- Сабағы тік немесе бұтақтанған.
- Жапырақтары қандауыр тәрізді (ұзындығы 3-10 см, ені 0,3-0,7 см), қарама-қарсы орналасқан, дара гүлдері сабағының ұшында жетіледі.
- Күлтелері тостағанша жапырақшасынан қысқа, аталықтары - 10, аналықтары - бесеу.
- Ірі гүлдері күлгін түсті. Мамырдан қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді.
- Жемісі - бір ұялы қауашақ, жарылып ашылады.
- Қара түсті ірі дәндері болады.
Өсетін орны мен таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Еуропа мен Азияның қоңыржай климаттарында қарамықшаның 3 түрі кездеседі. Қазақстанда Тобыл-Есіл, Ертіс өзендерінің бойында, Каспий маңы ойпатында, Балқаш-Алакөл ойысында, Алтайда, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында және Қаратау жотасында егістік қарамықшасы өседі.
Емдік қасиеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Емдік мақсатқа өсімдіктің сабағын, тамыры мен дәнін пайдаланады. Қарамықшаның дәндерінің несеп жүргізетін, қақырық түсіретін, қан тоқтататын және ішек құрттарын түсіретін қасиеті бар. Дәндерінің құрамында агростем қышқылынан тұратын гитагин сапонині бар, соған байланысты өсімдік - аса улы.[1]
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5