Жартас көктекесі
Жартас көктеке | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Sitta tephronota Sharpe, 1872 |
Жартас көктеке (лат. Sitta tephronota) - Sittidae тұқымдасының орман көктекеден екі есе ірі денелі (30-40 г) және әлдеқайда ақшыл құс.
Мекені
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ол басқа көктекелер секілді орманда емес, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында - батысында Қызылқұм шөлі мен Сырдария өзендерінен, шығысында Іле өзенінің аңғары және Жоңғар Алатауының оңтүстік-батыс тау етектеріне дейін жартасты құрғақ аласа тауларында қоныстанады.
Ұялауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Отырықшы құс. Қылығы және тіпті дауысы орман көктекесін еске түсіреді, алайда айғайы, соған сәйкес жалпы құстардың шуылы әлдеқайда қаттырақ, оның үстіне жартасты жерлерді мекендейтіндіктен, оның дауысын жаңғырық күшейтіп жібереді. Көбеюге ерте кіріседі - наурызда көктеке ұяларында балапандар басып үлгіреді.
Жартас көктекенің түбін жартасқа бекіткен жіңішке мойынды ыдыс тәрізді саздан жасаған ұясы басқаларға мүлде ұқсамайды. Көбінесе тостағанша тәрізді ұя жартастың табиғи үңгіленген қуысында болады. Құс содан біртіндеп тарылатын түтіктің қабырғасын жасап шығарады. Ол ұяға енетін ауыз болып саналады. Сазды қабырға қомақты да ауыр (қалыңдығы 4-7 см), салмағы 18 килоға жуық болғанына қарамастан, ұя өте берік және көптеген жылдар бойы қызмет етеді. Оның үстіне ұя ересек адамның салмағын көтере алады. Ал оны жартастан бөліп алу үшін (мысалы, мұражайға алу үшін) арнаулы құрал-сайман қажет, өйткені кәдімгі пышақпен ұя қабырғасын босатып алу мүмкін емес. Көктеке құрылыс жасау үдерісінде, саз әлі кеппей тұрғанда, оған қола коңыздың жылтыр үстіңгі қанатын, ұлудың бақалшағын, шыны сынықтарын, фарфор және басқа безендіретін заттар жапсырады. Ұя айналасындағы жартасты да құстардың әсем қауырсындарымен, кеуіп қалған жыланның терісімен безендіреді. Ұя бөлімінің ішіне кемірушілердің жүнінен қалың төсеніш жасайды. Көктеке оны жыртқыш құстардың былықпасынан алады, сондықтан ұя төсенішінде былықпаның жартысындай көлем алатын шаң үнемі болады.
Салындыдағы 4-9, көбінесе 5-7 ақ түсті жұмыртқаларды аналық басады, аталық аналықты қоректендіреді. Ұяның өзін анықтап қарауға мүмкіндік болмағандықтан, балапандардың даму ұзақтығын анықтау өте қиын. Балапандарды аталық пен аналық күніне 197-ге дейін жем үлесін әкеліп, қоректендіреді. Балапандардың ұяда болу үзақтығы туралы нақтылы дерек жоқ. Бір жазда екі рет балапан өргізуі де мүмкін. Балапандар тарап кеткен соң көктекелерді қайтадан жалғыз-жалғыздан көктемге дейін кездестіруге болады[2][3] [4]..
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ BirdLife International Sitta tephronota. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- ↑ Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010
- ↑ [1]
- ↑ [2] Мұрағатталған 6 қазанның 2014 жылы.