Мазмұнға өту

Зандр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Зандр.

Зандр (исл. Sander – құм) – ежелгі және қазіргі мұздықтардан еріген ағын сулар әсерінен мореналық материалдардың шайылып және шоғырлануынан пайда болған құмды, қиыршықтасты жазық. Әдетте, олар мұздықтардың алдыңғы немесе шет бөліктерінде қалыптасады. Таулы аудандарда Зандрларлар мұздықтардың “тілі” мен ең соңғы қалыптасқан моренаның аралығындағы шағын аймақтарды алып жатады. Кейде Зандрлар соңғы морена аймағынан төмен орналасады. Ең ауқымды Зандрлы далалар жазықтарда, төрттік мұздықтар көмкерген аймақ шетінде қалыптасады. Бетін өсімдік жауып үлгермеген құмды Зандрлар жел әрекетінен құм төбелерге айналады. Зандрлы ландшафтарға, негізінен, біркелкі тегіс жер бедері, ежелгі құмды төбелер, құмды топырақ, қарағайлы ормандар мен батпақтар тән. Орыс жазығындағы (Шығыс Еуропа жазығындағы) “полесье” деп аталатын жерлер Зандрлардың классикалық мысалы бола алады.[1]

Беларусь Республикасындағы плейстоцендік жамылғы мұзбасу атырабында кең тараған. Полесьеде, Мещера ойпатында, Ресейдегі Батыс Сібірде үлкен аудандарды алып жатады. Таулық мұздықтық өзендерде зандрлық террасалар түзіледі.[2]

Қабаттасқан мұздық суларының шөгінділерінен тұрады: малтатас, гравий, құм. Зандрлар біріккен жайпақ тегіс, радиусы үлкен шығарынды конустар болып келеді. 3андр аландары тау етектерінде дамыған.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 4 том 3 бөлім
  2. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығьшьщ лауреаты А.Қ.Құсайьшов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1, ӀSВN 9965-16-512-2