Збигнев Цибульский
Збигнев Хуберт Цибульский (пол. Zbigniew Hubert Cybulski, 3 қараша 1927, Княже, Станислав воеводствосы — 8 қаңтар 1967, Вроцлав) — поляк киноактері.1953 жылы Краковтағы Мемлекеттік жоғары театр мектебін бітірді. Гданьск мен Варшава театрларында актер әрі режиссер болып қызмет етті. Кинодағы қызмет 1954 жылы бастады. 1958 жылы ойнаған Мацех Хельмицкий ("Күл мен алмаста") актер есімін дүние жүзіне танытты.
Рөлдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сташек ("Жұмбақ пассажирде", 1959), капитан Зентек ("Банкіден келген қызда"), Анджей ("Бір жанжалдың хикаясында", 1963), Ковальский-Малиновский ("Сальтода", 1965), жаттықтырушы Кшонжак ("Иовитада", 1967). Ол ойнайтын кейіпкерлерінің ішкі өмір қайшылықтарын терең де шынайы бейнелеуге ұмтылды. Мәскеуде өткен Жастар мен студенттер бүкіл дүниежүзілік 6 - фестивалінің лауреаты (1957)[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 77 бет
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Zbigniew Cybulski |