Мазмұнға өту

Ибн Халликан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шәмсуддин Әбул-Аббас Ахмад ибн Мұхаммед ибн Халликан (1211 жыл 22 қыркүйек1282 жыл 30 қараша) — араб жазушысы және заңгері (фақиһ).

Парсы Бармакилер әулетінен шыққан. Араб тілін, тарихты, әдебиет пен фиқһты өз отаны Эрбиль қаласында оқыған. Сонымен қатар Халеб пен Дамаскта да оқыған. 1261 жылы сұлтан Бейбарыс оны Дамасктың бас қазысы қылып тағайындағанға дейін әл-Қаһира (Каир) қаласының бас қазысының көмекшісі болған. Ол шафиғи мазһабын ұстанып, бастапқыда негізгі үш мазһабтың қазылық міндетін атқарған. 1271 жылы мансабынан айырылып, әл-Қаһирада сабақ береді, сосын 1278 жылы Дамаскқа қазы болып оралады.

  • «Уафайат әл-а′йан уәл-анба′ абна′ әз-заман» («Белгілі тұлғалардың некрологтары мен олардың замандастары туралы хабарлар», 1256-1274) — билік иелерінің (халифалардан басқа), шенеуніктердің, ғалымдардың, ақындардың (антологиясмен бірге) және т.б. адамдардың биографиялық сөздігі. Авторды Шығыстың Плутархы атайды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]