Катрин Швитцер
Катрин Вирджиния "Кэти" Швитцер (англ. Kathrine Switzer; 5 қаңтар 1947, Амберг, Германия)- американдық жазушы, теледидар комментаторы және марафоншы. Бостон марафонын ресми түрде жүгіріп шыққан алғашқы әйел ретінде танымал болды. Supersisters атты карта коллекцияларында ұсынылды.
Өмірбаян
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Катрин Швитцер Германияда Америка армиясының майор отбасысында дүниеге келді. 1949 жылы отбасысы АҚШ-қа оралды. Катрин Фэрфакс округіндегі Джордж Маршалл атындағы орта мектепті бітіріп, содан кейін Сиракуза университетінде оқыды. 1968 жылы бакалавр, 1972 жылы магистр дәрежесін алды.
Бостондық марафон 1967 жылы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Катрин Швитцер алғаш рет студент кезінде 1967 жылы Бостон марафонын жүгірген болатын. Бұл әйелдердің марафонға қатысуына ресми рұқсат берілуден 5 жыл бұрын болатын. Катриннің уақыты (шамамен 4 сағат 20 минут) бұл нөмірінсіз жүгірген алғашқы әйел финишері Бобби Гиббке қарағанда, шамамен бір сағатқа артық болды. Катрин марафонға "К.В.Швитцер" есімімен тіркелді. Оның айтуынша, инициалмен өз атын жазу ұйымдастырушыларды адастыру үшін жасалмаған, оған қоса Катрин "К.В.Швитцер" деп университет газетінде мақалаларының астында жазатын. Марафон ұйымдастырушысының өкілі Джок Семпл Катринді жолдан шығаруға тырысқан және Катриннің айтуы бойынша, одан "нөмерді қайтарып, өзінің марафонынан кетуін" талап еткен. Том Миллер- Катринмен бірге жүгірген досы- Семплдің Катринді тоқтатуына мүмкіндік бермеді.Бұл оқиғаның фотосуреттері әлемнің жетекші басылымдарының бірінші беттеріне түсті. Катриннің марафонға қатысу нәтижесі Әуезқой атлетикалық одақтың әйелдерге еркектер арасындағы жарысқа қатысуына толығымен тыйым салды. Тәртіп бұзушыларды бәсекелестік құқығынан біржола айырамыз деп қорқытты. Алайда Катрин басқа әйел қатысушылармен бірге Бостондағы Атлетикалық қауымдастық мүшелерінен әйелдердің құқықтарын ұлғайтуын сұрады. Әйелдердің күш- жігері сәттілікке ие болып, 1972 жылы әйелдерге Бостон марафонына қатысуға ресми рұқсат берілді.
Спорттық жетістіктер мен мансап
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Катрин 1974 жылы Нью-Йорк марафонында 3:07:29 (жалпы 59- шы орын) есебімен әйелдер арасында бірінші орынға иеленді. Оның марафондағы жеке жетістігі— 2:51:37, 1975 жылы Бостондағы марафонынан.
"Runner's World" журналы Катринді "Онжылдықтың ең үздік жүгірушісі" (1967-1977) деп атап, телерадио қызметі үшін Эмми сыйлығын алды.
1997 жылы Катрин "40 жастан асқан әйелдерге жүгіру және серуендеу" атты кітабын жазды. 2007 жылдың сәуірінде өзінің алғашқы Бостон марафонынан тура 40 жыл өткен соң, "Марафонка" атты мемуарлық кітабын шығарды. 2008 жылы сәуірде "Марафонка" кітабы спорттағы әйелдің керемет журналистік сипаттамасы үшін Билли сыйлығын жеңіп алды.
Бостон марафонына келе жатып, Катрин әрдайым қатысушылардың арасында көптеген әйелдерді көргеніне қуанышты:
Қазір мен Бостон марафонына келген кезде, менің иығым әрдайым ылғалды болады. Себебі көптеген әйелдер менің иығымда жылайды. Әйелдер жүгірудің арқасында өздерінің өмірлерін өзгерткеніне қуанышты және бәрін жасай алатындығын сезеді.
2011 жылы Катрин "әлеуметтік революция" жасағаны үшін, яғни бүкіл әлемдегі әйелдерге жүгіру және өздерінің қабілеттеріне сенім бергені үшін "Әйелдердің Ұлттық Даңқ Залына" енгізілді. 1967 жылдан бастап, Катрин бүкіл әлемдегі әйелдер үшін жүгіру мүмкіндіктерді кеңейтуге үлес қосып келеді.
Катрин Швитцер әйелдер спортында әлемдік ой—өрісті өзгертті және осы туралы не ойлайды деген сұраққа ол:
"Спортшы болуды бастау —ешқашан кеш емес", — деп жауап береді
Жеке өмір
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Катрин 1967 жылы Бостондағы марафон кезінде оққағарын рөлін атқарған Том Миллерге үйленді. Кейін олар ажырасып, 1987 жылы Катрин ағылшын жүгіруші және жазушы Роджер Робинсонмен қосылды.
Спорттық жетістіктер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]• 1974 жылы: 1 орын— Нью—Йорк марафоны— 3:07:29
• 1975 жылы: 2 орын Бостондық марафон— 2:51:37
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]↑ https://kathrineswitzer.com Мұрағатталған 18 қаңтардың 2021 жылы.
↑ http://www.npr.org/templates/story/story.php?storyId=1141740
↑ https://en.wikipedia.org/wiki/Makers:_Women_Who_Make_America