Мазмұнға өту

Кластер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кластер (ағылш. cluster) — белгілі өз сипаттары бар, дербес бірлік деп саналатын, бірнеше біртектес даналарды бір топқа бірлетіруі.

Кластер - жеке компаниялардың ерікті бірлестігі; басқарудың желілік үлгісінен негізделген және ғаламдық экономика жағдайына ыңғайлана алатын инновациялық-бағытталған өндірістік-коммерциялық құрылым. Кластерлерді құру және дамыту теориясы мен тәжірибесі жаһандануға жауап ретінде пайда болды. Жаһандану аймақтардың жеке өзіндік ерекшеліктерін тегістеп, жойып жібереді және униполярлы әлем құруға жағдай жасап, экономикалық кеңістікті гомогендендіреді. 1990-шы жылдары жаһанданумен бәсекелесуші экономикалық белсенділіктің кластерлену үрдісі белең ала бастады, яғни, экономиканың нақтылы салаларына сүйенетін және аймақтың өзіндік ерекшеліктерін пайдаланатын аймақтық белсенділікті ықшамдандыру. Кластерлердің бәсекеге қабілеттілігі мен теориясының негізгі ережелерін 1990 жылы Гарвард профессоры М.Портер жасады. Бұған дейінгі аймақтық дамудың әртүрлі стратегияларынан, оның ішінде 70-ші жылдары аса танымал болған "өсу орталықтарынан" принңиптік айырмашылығы жағымсыз кері байланыстың орнына жағымдысын орнатуды мақсат етті. "Өсу орталықтарын" құру жөніндегі әкімшілік-еріктік шешімдердің, тікелей мемлекеттік реттеудің, әлеуметтік маңызды, бірақ бәсекеге қабілетсіз өндіріс орындарын мем¬лекеттік қолдау және аймақтық экономикаларды "теңдестіру" тұжырымдамасының орнына дамудың жағымды спиралын жүзеге асыратын жаңа инновациялық үлгіге түбегейлі көшу орын алды. Бұл үлгі экономикалардың "тиімділігі" тұжырымдамасын қолданады, бастаманы төменнен ынталандырады, күрделі аймақтарда "автономды іске қосу механизмдерін", жеке алғанда start up (венчурлы компанияларды) түрін¬дегі мекемелерді қалыптастыруға сүйенеді, РРР (Public Privete Partnership - мемлекеттік және жеке секторлардың әріптестігі) критерийлерін жетекшілікке алады. Кластердің классикалық мы¬салы - АҚШ-тағы Силикон алқабы. Оның негізі 1990 жылыжергілікті биліктің және Стенфорд университетінің күш салуының арқасында қаланды. Қазіргі таңда осы кластердің айналасында 2,5 миллион. Адам жұмыс істейтін, шамамен 20000-дай start up венчурлық компаниялар топтасқан. Кластерлер аймақтық мазмұнда болғанымен, олардың көпшілігі әлемдік танымалдыққа ие болды. Ол Детройттағы көлік кластері, кино саласында - Голливуд, банк және сағат - Швейцарияда, қаржылық – Лондонның Сити ауданы, модельдік - Милан мен Парижде, хайтек және аэрокосмостық - Сиэтлде. Мынадай жаңа кластерлер қарқынды дамуда - "Жаңа Детройт" (Алабама штаты), Шанхай ауданында, Кембридж ауданындағы Силикон батпағы (Silicon Fen), Бангладордағы хайтек-кластер (Үндістан). Кластерлік тәсілдің орасан зор мүмкіндіктерін Финляндия кәрсетуде. Оулудағы университет базасында құрылған, Полярлы шеңбердің ең шетіндегі IТ-телекомдық кластер осы саладағы әлемдік көшбасшыға айналды. 1992 жылы ұшырылған оның қозғаушы күші - Nokia компаниясы. Кластерге 120 астам компаниялар кіреді. Жағымды орта - Mediopolis - медицина және биотехнологиялар саласында, тағы бір кластерді құруға жағдай туғызды, оған 50 астам компания кіреді. Мұндай клас¬терлік тәсіл РРР критерийлерінің үстемдігімен қатар Финляндияға әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарында топ бастауға мүмкіндік туғызуда. Кластерлерді құру үшін келесідей жағдайлар қажет: елде (яғни, макродеңгейде) және аймақтық деңгейде осыған сәйкес инновациялық орта қалыптастыру; аймақтың инфрақұрылымдық артықшылықтарын анықтау және пайдалану; аймаққа тән ділдік ерекшеліктер мен тарихи мұраларды және халықтың дәстүрін қолдану; аймақтық биліктің жергілікті деңгейде бәсекелестікті ынталандыруы; start up сипатындағы мекемелерді қалыптастыруда жергілікті билік тарапынан кәсіпкерлерге кеңес беру, біліми қызмет көрсету арқылы қолдау және т.б.

Ақпарат технологияларында:

Астрономияда:

Басқа мағыналар:

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3