Кливия
Кливия | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Clivia miniata
| ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
6 түрі белгілі |
Кливия (лат. Clivia) — амариллистер тұқымдасына жататын пияз тектес өсімдік. Отаны – Оңтүстік Африка. Шылбыр тәрізді қошқыл жасыл қалың жапырағы бар, аласа, сабағы жуан 6 – 12 гүлі болады. Бөлмеде өсетін кливияның жапырағы сарғыш жолақты болып келеді. Ақ гүлді кливия да кездеседі. Қайта отырғызу кезінде бөлектел кесіп алатын қалемшелерден өсіріледі. Құм қосылған сазды шым және шіріген жапырақ аралас топырақта жақсы өседі. Бұрыннан келе жатқан кливияны 2 – 3 жылда, ал жаңа өскенін жыл сайын қайта отырғызады. Өніп келе жатқанда және гүлдегенде қандыра суарыл әрі қоректендіру отыру қажет.[1]
Өсімдік туралы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кливия – амариллистер тұқымдасына жатады. Отаны – оңтүстік Африканың батыс жағалауы. Африканың оңтүстік бөлігі – көптеген пиязшық өсімдіктердің отаны. Солардың қатарына кливия да жатады. Кливия пиязшық пен тамыр сабақ аралығындағы өсімдік. Кливия баптауды аса қажет етпейтін күтімі жеңіл, бірақ керемет әдемі гүл жаратын бөлме өсімдігі. Жапырақтары ұзын 30-50 см., сүйір, жылтыр, түсі қою жасыл. Сабақсыз, тамыр үсті қатарласып желпуіш сияқты орналасқан. Гүлі мықты, жуан гүлсидамының басында орналасқан. Гүлсидамында әдемі қызғылт сары қолшатыр тәріздес 10-12 дана гүл болады. Гүлдеуі үшін, демалу кезеңімен температуралық жағдай жасалуы керек.
Кливия-амариллистер тұқымдасына жататын,Оңтүстік Африканың ылғалды климатынантараған өсімдік. Күтімі жеңіл болғандықтан гүл өсірушілердің сүйікті гүліне арналған.Оныкүн суық кезде түбекке егіп үй жағдайында, алжаз кездерінде бақшада гүлзарда өсіреді.Аналық түптен 40-қа жуық гүл шығады.Гүлініңтүсі сары, қызыл, күрең түсті. Тіке күн сәулесітүскенді ұнатпайды.Бірақ өскен ортасы жарықболғаны дұрыс. Гүлденген уақытында жиісуару керек. Күз кезінде суаруды азайтып,қараңғылау,салқын жерге тынықтыруға қояды.2 айдан соң жарыққа шығарады.Аналық көшеттің түбін бөлу арқылы көбейтеді. Әрбір жас көшетте кем дегенде 4-5 жапырақ болғанкезде ғана тамырланып, өсіп-өркендей алады.
Жарығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Күннің көзі тік түспейтін, жарық жерде жақсы өседі.
Жылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қыста демалу кезеңінде 15°C төмен болмауы керек.
Суғарылуыc
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жазда жиірек, қыста суғаруды сиретеді.
Ылғалдылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аса ылғалдылықты қажет етпейді. Бірақ жапырақтарына су бүркіп шаң-тозаңнан тазалап тұру қажет.
Қоректендірілуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көктем-жаз айларында гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқышпен қоректендіріп тұру қажет.
Аурулары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауруға сирек шалдығады.
Көбейтілуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жанама өскіндері арқылы көбейтеді.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8
- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |