Несие
Несие (лат. creditum — несие, credo - сенемін, сенім білдіремін), несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз. Оның қозғалысы кезінде несиелер мен қарызгер арасында белгілі бір экономикалық қатынастар қалыптасады. Несиесің дамуы ұдайы өндіріс үрдісіндегі капиталдың ауыспалы айналымының заңдылықтарына орайлас келеді: шаруашылықтың белгілі бір телімдерінде уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы бос қалады да, басқаларында оған деген мұқтаждық, яғни несие алу қажеттілігі туады. Капиталдың ауыспалы айналымы негізінде пайда болған уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы, халық пен мемлекеттің ақшалай жинақтары несие көзін құрайды.
Несиелік қатынастар жүйесінде несие операцияларын жасау үшін қаражат тартудың да маңызы зор. Мұндай қызмет әр түрлі несиелік қатынастар үшін біркелкі бола бермейді. Айталық, коммерциялық несие кезінде несиегердің сырттан қаражат тарту қажеттілігі туындамайды, ал банктік несиелеуде сырттан тартылған қорлардың кеңінен пайдаланылуы көзделеді. Экономиканы дамытуда несиенің рөлі маңызды әрі сан салалы. Несие өнімнің өндірілуі, өткізілуі мен тұтынылуы үрдісіне және ақша айналысы саласына әсерін тигізеді, яғни өнімді өндіру мен өткізу үрдістерінін іркіліссіз болуына ықпал етеді, өндірістің маусымдылығына орай туындаған қаражатқа деген ділгірлікті уақытша қанағаттандыруда, өндірісті кеңейтуде үлкен рөл атқарады. Тұтыну несиесі халықтың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға септігін тигізеді.
Несие, негізінен, коммерциялық несие және банк несиесі түрлеріне бөлінеді. Айрықша түрі халықаралық несие Коммерциялық несие — сатушы тауарды сатып алушыға төлемін кейінге қалдыра отырып беретін несие. Бұл орайда айналым құралы ретінде, әдетте, вексель жүреді. Мұндағы вексель дегеніміз — несиегерге вексель беруші қарызгерден вексельде көрсетілген ақша сомасын белгіленген мерзімде төлеуді талап ету құқын беретін белгілі бір нысандағы жазбаша борыштық міндеттеме. Банк несиесінің әмбебаптық сипаты бар. Бұл ретте банктер, ақша иелері және басқа несие мекемелері несиегерлер болып келеді. Несиенің берілуі мен өтелуіне, ставка пайызының мөлшеріне байланысты тараптардың міндеттемесі мен экономикалық жауапкершілігі несиелік келісімдер негізінде шешімін табады. Банк несиені несиелеу мерзіміне қарай қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі мерзімге), орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге) және ұзақ мерзімді (3 жылдан астам мерзімге) болып келеді. Ол қарызгерге тиесілі жылжымайтын мүлік, тауарлар, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтар кепілімен қамтамасыз етілуге тиіс. Сондай-ақ, несие түрлері несиелеу нысандары мен әдістері бойынша және басқа белгілеріне қарай жіктеледі.
Қазақстанда несиенің мынадай түрлері пайдаланылады:
- ұлттық банк несиелері – аукциондық, ломбардтық, бюджеттік несиелер;
- екінші деңгейдегі банктер несиелері – меншікті айналым қаражатының жетіспеушілігін уақытша толтыруға, күрделі салымдарды қаржыландыруға, тұтыну мақсатына арналған несиелер; импорттық, ипотекалық, консорциалдық, банкаралық несилер. Қазақстан Ұлттық банкінде несие сапасына қарай стандарттық, бейстандарттық, қанағаттанғысыз, күмәнді және зиян келтіруші несие деп бөлінеді.
Несие беру қағидаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Несие беру қағидаты - несиелендіру жүзеге асырылатын негізгі ережер, қағидалар. Оларға несиенің кепілдікпен қамтамасыз етілуі, несиенің тікелей және мақсатты сипаты, оның мерзімділігі, ақы төленетндігі, қайтарылатындығы жатады. Кепілдікпен қамтамасыз етілуі - несиенің кәсіпорында бар материалдық құндылықтар кепілдігімен немесе нақты шығын кепідігімен берілетіндігі. Несиенің мақсатты сипаты - несие атаулының кәсіпорындарға несие жоспарына сәйкес қатаң түрде айқындалған мақсаттар үшін берілетіндігі. Несиенің берілетіндігі мен қайтарылатындығы - несиенің белгілі бір мерзімге берілетіндігі, ол мерзім аяқталғаннан кейін несиенің банкіге қайтарылатындығы. Ақы төленетіндігі - несиені пайдаланғаны үшін пайыз төлеу қажеттігі. Несиелендіру шарттарын бұзған кәсіпорындарға тиісті санкциялар қолданылады. Ол сондай-ақ несиені тиімді пайдаланғаны үшн де жауап береді. [1]
Әр клиенттің банкке жүгінуі әрқашан жеке қарастырылады. Несие беруші бәрін бағалайды: сіздің жасыңыз, жұмысыңыз, табысыңыз, отбасылық жағдайыңыз, сіздің меншігіңізде жылжымайтын мүлік немесе көлік құралдары, қарыздарыңыздың болуы және т.б. Мұны «гол» деп атайды.[2]
Несие нарығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Несие нарығы - қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті несие ресурстары шоғырландырылатын, бөлінетін және қайта бөлінетін нарықтық қатынастардың аясы; түрлі төлем құралдарына сұраныс пен ұсыныс болатын нарық; несие капиталы нарығының бір бөлігі. Несие нарығында ақша ағыны банкілер, қаржы-несие институттары, қор биржалары арқылы жүреді. Дәстүрлі түрде қысқа мерзімді несие капиталдарының нарығы (ақша нарығы), орта және ұзақ мерзімді капиталдар нарығы (капиталдар нарығы), соның ішінде қаржы нарығы түрлеріне жіктеледі.[3]
Несиелендіру тиімділігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Несиелендіру тиімділігі - несиеге берілетін қаражаттың ұдайы өндіріс үдерісінде пайдаланылу нәтижесі. Өндірістің экономикалық тиімділігінің бір бөлігі болып табылады.[4]
Несие ресурстары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Несие ресурстары - несие беру, салымдарға орналастыру, бағалы қағаздарды сатып лау және басқа банк операцияларын жүзеге асыру үшін кез-келген банк меншікті және сырттан тартылған қаржы көздері есебінен құрайтын қаражат; коммерциялық банкілер теңгерімінің пассив бөлігінде көрсетілетін және осы банкілер несие беру үдерісінде пайдаланатын ресурстардың жиынтық бөлігі. Мерзіміне қарай қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді несие ресурстарына бөлінеді.[5]
Несиеге қабілеттілік
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Несиеге қабілеттілік - несие алу үшін алғышарттардың болуы, оны қайтару қабілетті, яғни қарызгердің несиеге алуға әрі борыш бойынша уақытылы және толық есептеуге қабілетті. Қарызгерді сипаттайтын еөрсеткіштер: оның бұрын алынған несие бойынша есеп айырысу кезіндегі ыждаһаттылығы, оның ағымдағы қаржы жағдайы және келешекте өзгеруі, қажет болған жағдайда әртүрлі көздерден ақшалай қаражатты жұмылдыру қабілеті бойынша айқындалады. Несиеге қабілеттілікті бағалау үшін кәсіпорынның, ұйымның төлем төлеуге қабілетті лігіне, қаржы жөнінен орнықтылығына, активтерінің өтімділігіне талдау жасалды.[6]
Кредит карточкасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бөлшек сауда кәсіпорындар желісінде қолма-қол ақша төлеместен тауарлар мен қызметтерді сатып алуға құқық, беретін және онда иесінің шоты бар екеніне куәлік ететін, банкілік немесе арнайыландырылған мекеме эмитент шығарған жеке ақша құжаты.
Кредиттік шарт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кредит беру шарты мен мөлшерін, кредиттік қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын кредит беруші мен алушы арасындағы шарт. Онда әдетте, кредит валютасы мен мөлшері, оны пайдалану тәртібі, берешекті өтеу мерзімі мен пішімі, пайыздық ставка тіркеледі.
Кредитор
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Несие ұсынатын, әлденені қарызға беретін қарыз беруші (ұйым, кәсіпорын немесе жеке тұлға).
Кредиторлық берешек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өнім берушілермен есептесу кезінде пайда болатын берешек; кәсіпорынның ақша айналымында, кредит берушінің қаржысын уақытша пайдалану.[7]
Несиенің қамтамасыздандырылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Несиенің қамтамасыздандырылуы - несие беруші үшін несиеге алынған қаражатты борышқордың толық және дер кезінде қайтаруының және оның тиісті пайызды төленуінің кепілі ретінде пайдаланылатын тауар-материалдық құндылықтар және өндіріс шығыны. Несиені қамсыздандыру тетігі несие берудің негізгі бір қағидатының нақты көрінісі болып табылады.[8]
Талап етілмелі несие
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Талап етілмелі несие - банк несиесінің бір түрі, мұнда пайдалану мен өтеудің күнібұрын белгіленген нақты мерзімі жоқ және оны қарызгер кез-келген уақытта қайтаруы мүмкін немесе несиегер банк кез-келген уақытта алдын ала ескертпей немесе қысқа мерзімде хабарлар талап етуі мүмкін. Сондықтан да оны талап етілмелі несие деп атайды. Өйткені қарыз алушы несиені несие берушінің алғашқы талап етуі бойынша өтейді. Банкілер валюталық брокерлерге, дилерлерге және клиенттерге береді. Әдетте, вексельдермен, бағалы қағаздармен және тауарлармен қамтамасыздандырылғанда беріледі. Онколдық несие бойынша пайыздық мөлшерлеме мерзімдік несие бойынша пайыздық мөлшерлемеден гөрі төмен.[9]
Микрокредиттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Микрокредит – жеке немесе заңды тұлға микроқаржы ұйымынан немесе басқа қаржы институтынан несиеге ала алатын шағын ақша сомасы. Бұл несиелер әдетте қысқа мерзімді, көбінесе бірнеше апта немесе айға беріледі және шұғыл қаржылық қажеттіліктерді жабуға арналған.[10]
Микронесиенің негізгі белгілері
- Шағын сома: Микрокредиттер әдетте салыстырмалы түрде аз ақша сомасына беріледі. Әдетте бұл бірнеше мыңнан бірнеше ондаған мың рубльге дейін. Бұл қарыз алушыларға ірі көлемде несие рәсімдеудің күрделі процедурасынан өтпей-ақ, қажетті ақшаны жылдам алуға мүмкіндік береді.
- Қысқа мерзімді: Шағын несиелер қысқа мерзімді пайдалануға арналған. Әдетте несие бірнеше апта немесе ай ішінде өтелуі керек. Бұл қарыз алушыларға қаржылық қажеттіліктерін жылдам жабуға және қарызды өтеу үшін ұзақ уақыт күтпеуге мүмкіндік береді.
- Минималды талаптар: Шағын несиелердің негізгі артықшылықтарының бірі олардың барлығына дерлік қолжетімді болуы. Микронесие алудың формальдылығы мен талаптары әдетте минималды. Көбінесе сізге тек төлқұжат деректері мен кірісті растау қажет.
- Жылдам мақұлдау және беру: Шағын несиелерді жылдам бекіту және беру процесі бар. Шағын несие алуға өтінішті бірнеше минут ішінде қарап, мақұлдауға болады. Онлайн микроқаржы ұйымдары жиі ыңғайлы онлайн өтінім нысандарын ұсынады, бұл микронесие алу процесін одан да ыңғайлы және жылдам етеді.
- Несие тарихын тексеру жоқ: Шағын несие алу үшін әдетте қарыз алушының несие тарихын тексеру талап етілмейді. Бұл микрокредиттерді дәстүрлі банктік несиелерден ерекшелендіреді, мұнда несие тарихы өтінішті қарау кезінде маңызды рөл атқарады. Соның арқасында тіпті қолайсыз несие тарихы бар адамдар да шағын несие ала алады.
- Жоғары пайыздық мөлшерлемелер: Микрокредиттерде дәстүрлі банктік несиелермен салыстырғанда әдетте жоғары пайыздық мөлшерлемелер бар екенін атап өткен жөн. Себебі, шағын несиелер қысқа мерзімге беріледі және қарыз алушыны кешенді тексеруді қажет етпейді. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер несиелеудің осы түріне байланысты тәуекелдердің өтемі болып табылады.
- Шағын несиені пайдалану: Шағын несиелерді әртүрлі мақсаттарда пайдалануға болады. Олар күтпеген медициналық шығындарды жабуға, коммуналдық төлемдерді төлеуге, көлікті жөндеуге немесе тіпті қажетті заттарды сатып алуға пайдалануға көмектеседі. Күтпеген қаржылық қиындықтарды болдырмау үшін шағын несиелерді жауапкершілікпен пайдаланып, уақытында өтеу маңызды.
Несие рейтингі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Несие рейтінгі - қарызгердің несиені қайтаруға қабілеті мен төлем төлеуге қабілетін кешенді түрде бағалау. Арнайы есептелетін жиынтық индекс арқылы айқындалады. Рейтингілік несие агенттіктері мен банк қызметтері жүргізетін индекстің есебі рәсімделген, сараптамалық немесе аралас сипатта болуы мүмкін.Рейтингілік агенттіктер беретін халықаралық несие рейтингі негізінен облинациялардың, ең алдымен корпоративтік облигациялардың инвестициялық сапасы мен тәуекелін бағалау үшін пайдаланылады. Тұтас елге берілетін несие рейтінгі егеменді тәуекелдің деңгейін көрсетеді. Егеменді тәуекел елдің саяси, экономикалық және қаржылық тұрақтылығының көрсеткіші болып табылады.[11]
Несие мониторингі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Несие мониторингі - несие ұйымының несие қоржынының жай-күйін қадағалау жүйесі. Шарттарда уағдаласылған несие талаптарының орындалуын талдаулы, бағалауды, болжауды қамтиды. Несие мониторингінің мақсаты - негізгі борыштың мерзімінде өтеулі, несие бойынша пайыздың төленуін қамтамасыз ету.[12]
- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. Алматы экономика институты
- ↑ Несие шарттары немен байланысты? Мұрағатталған 8 қазанның 2019 жылы.
- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. Алматы
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім
- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. Алматы
- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. Алматы
- ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. Алматы
- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. Алматы
- ↑ Шағын несие дегеніміз не?
- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. Алматы
- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |