Кузьма Корнилович Галето
Кузьма Корнилович Галето (1.11.1896, Киев губерниясы - 1.11.1967) – Семей облысында совет өкіметін орнатудың белсене қатысушы.
1918 жылдан КОКП мүшесі. 1915 жылы патша армиясы қатарында болды. 1917 жылы батыс сібір советтерінің аткомы мен РСДЖРП Омбы комитеті жергілікті революцияшыл күштерге көмек көрсету үшін жіберді.
Советтердің Семей уездік 1-съезін (17.2.1918) әзірлеп, өткізуге басшылық етті. Галето атком председателі болып сайланды. 1918 жылы 11 маусымдағы ақ гвардияшылар бүлігі кезінде партизан отряды құрамында болды. Кейін РК(б)П Семей губкомының бөлім меңгерушісі, 1924-23 жылдары Қарқаралы, Бұқтырма укомдарының секретары, 1924-31 жылдары Қостанай, Орал губкомдарының бөлім меңгерушісі және секретары, РК(б)П ОК жанындағы марксизм- ленинизм курсының тыңдаушысы, БК(б)П ОК бөлім меңгерушісінің жәрдемшісі. 1933 жылы Москвада Қызыл профессура институтын бітірді.
1933-38 жылдары Батыс Сібір өлкесінде Галето – Исток МТС Саяси бөлімінің бастығы, БК(б)П ауд. комитеті мен алтай өлкелік комитетінің секретары. 1939-57 жылдары Мәскеуде шаруашылық мекемелер мен қалалық оқу орындарында істеді. 1957 жылдан Одақтық дәрежедегі зейнеткер. РК(б)П 11- съезінің делегаты, 1-сайланған РКФСР жоғары Советінің депутаты[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998.