Макромолекула
Көрініс
Макромолекула — полимер молекуласы. Макромолекула оларды түзетін мономерлердің құрылымдық құрамына қарай гомополимерлер және сополимерлер, ал құрылысының ерекшеліктеріне қарай сызықты, тармақты және кеңістікті болып бөлінеді. Макромолекуланың молекулалық массасы құрамына кіретін мономерлер молекулалық массасының жалпы қосындысымен анықталады. Сонымен қатар, макромолекулалар табиғи, жасанды және синтетикалық болып жіктеледі. Синтетикалық макромолекулалар полимерлену және поликонденсация әдістерімен алынады. Макромолекула медицинада, ауыр және жеңіл өнеркәсіпте, т.б. салаларда кеңінен қолданылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |