Мамлют ауданы
Қазақстан ауданы | |
Мамлют ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
11 |
Қалалық әкімдіктер саны |
1 |
Ауыл саны |
37 |
Қала саны |
1 |
Әкімі |
Елена Фёдоровна Степаненко |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Мамлют қаласы, Мұқанов көшесі, №12 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
54°56′35″ с. е. 68°30′00″ ш. б. / 54.94306° с. е. 68.50000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 54°56′35″ с. е. 68°30′00″ ш. б. / 54.94306° с. е. 68.50000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Жер аумағы |
4 100 км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
17 530[1] адам (2023) |
Тығыздығы |
4,75 адам/км² |
Ұлттық құрамы |
орыстар (58,54%) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 71541 xxxxx |
Автомобиль коды |
15 |
Мамлют ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының солтүстiк-батысында орналасқан әкімшілік бөлік. Аудан 1932 құрылған. Аудан аймағы 4,1 мың шаршы километр. Орталығы – Мамлют қаласы.
Географиялық орны, жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Батысында облыстың Жамбыл, шығысында және оңтүстiк-шығысында Қызылжар, оңтүстiгiнде Есiл аудандарымен, солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Қорған облысымен шектесiп, Батыс Сібір жазығының оңтүстігіндегі Есіл даласының орталық бөлігінде орналасқан. Мұнда жер бедері негізінен жазық. Тек оңтүстік-батыс жағы көл қазаншұңқырларының көптігіне байланысты ойлы-қырлы болып келеді.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Климаты айқын континенттік, қысы суық, ызғарлы. Қаңтардың орташа ауа температурасы — 18°С, аса суық күндері –50°С-қа дейін төмендейді. Жазы қоңыржай, ыстық, шілдедегі орташа ауа температурасы 19°С, кейде 40 — 41°С-қа дейін көтеріледі. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 300 мм. Мұнда 500-ге жуық көл бар, олардың 14-і ғана тұзды, қалғандары тұщы сулы. Жер қыртысы қара топырақты. Ауданның солтүстік жағын ормандар, оңтүстік-батысын астық тұқымдас шөптер жиі өсетін шоқ орманды дала белдемі алып жатыр. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, бұлғын, күзен, ақтышқан, ондатр, дала тышқандары, тұяқтылардан бұлан және елік, көлдерде қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, көл жағалай қызғыш, тауқұдырет, жылқышы, ормандарда бүркіт, ителгі, кезқұйрық, қаршыға, т.б. мекендейді.[3]
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989[4] | 1999 | 2009[5] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
24532 | ▲28751 | ▲40813 | ▼33037 | ▼32660 | ▼29110 | ▼21369 | ▼17090 |
Тұрғындары 17 845 адам (2019).
- Ұлттық құрамы: орыстар (58,35%), қазақтар (25,17%), татарлар (6,76%), немістер (3,60%), украиндар (2,14%), беларустар (0,72%), литвалықтар (0,40%), әзербайжандар (0,31%), поляктар (0,17%), чуваштар (0,18%), басқа ұлт өкілдері (2,19%).
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]38 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 11 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2009) |
---|---|---|---|
Андреев ауылдық округі | Андреевка ауылы | 3 | 1121 |
Белов ауылдық округі | Белое ауылы | 5 | 1305 |
Бике ауылдық округі | Бике ауылы | 3 | 729 |
Воскресенов ауылдық округі | Воскресеновка ауылы | 3 | 1426 |
Дубровин ауылдық округі | Дубровное ауылы | 4 | 1725 |
Краснознамен ауылдық округі | Краснознамённое ауылы | 3 | 1498 |
Қызыләскер ауылдық округі | Қызыләскер ауылы | 3 | 867 |
Леденёв ауылдық округі | Леденёво ауылы | 2 | 792 |
Мамлют қалалық әкімдігі | Мамлют қаласы | 1 | 7478 |
Новомихайлов ауылдық округі | Новомихайловка ауылы | 5 | 2443 |
Пригородный ауылдық округі | Покровка ауылы | 3 | 1046 |
Станов ауылдық округі | Афонькино ауылы | 3 | 939 |
Экономикасы (2009 жылдың қорытындылары)
[өңдеу | қайнарын өңдеу][Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 219 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 3 - iрi, 17 - орта, 199 - шағын кәсiпорындар. Олардан 93 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 125 - жеке меншiк, 1 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Аудан облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 3,9%-ын өндiрген (9 338,7 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 1 370,6 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 2,0%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 108,0% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 962,2 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 109,2% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 4 629,4 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 28,7% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 2 172,4 млн.теңге құрады. Пайдалануға 3,2 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 13,9 мың адам жұмыс iстейдi.Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 24,4% өсiп, 40 315 теңгенi құрады. Нақты жалақы 16,2% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 25 686 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 530 теңге құрады.]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ ҚР халық санақтары
|
|