Мазмұнға өту

Маркетингті жоспарлау

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Маркетингті жоспарлау — фирманың əрбір жеке өндірісіне, тауарына немесе тауарлық маркасына жоспар жасауын білдіреді. Сонымен бірге, фирманың өзінің əрбір өндірісіне қатысты қандай шаралар жүргізетіні туралы стратегиялық шешім қабылдағаны ескеріледі. Енді олардың əрбіріне егжей-тегжейлі жасалған маркетингтік жоспар қажет.

Маркентинг жоспары - маркетингілік мақсаттарға қол жеткізуді көздейтін шараларды егжей-тегжейлі, дәйектілікпен баяндау.

Іс жүзінде компания екі жоспар жасайды — болашақты жоспар жəне жылдық жоспар. Басқарушы алдымен бесжылдық жоспар жасайды. Онда негізгі факторлар мен алдағы бес жылдың ішінде нарыққа ықпал ететін күштер, бесжылдық жоспар, марка үшін белгіленген нарық үлесін жаулап алудың негізгі стратегиялық əдістері жəне белгіленген табысты алу, қажетті шығын мен күтілген кіріс баяндалады. Фирманың алдағы бес жылға арналған жоспары болу үшін, бесжылдық жоспарды жыл сайын қайта қарастырып, түзетулер енгізеді.

Содан соң, жылдық жоспар жасалады. Бұл — бесжылдық жоспардың бірінші жылында жүзеге асырылатын шаралардың толыққанды нұсқасы. Жылдық жоспарда ағымдағы маркетингтік жағдай сипатталады, қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктер, кəдімгі жəне маркалық тауарлардың алдында тұрған мақсаттар мен мəселелер аталады, бір жылға арналған маркетинг стратегиясы, əрекеттер бағдарламасы баяндалып, сметалық ассигнация сомасы көрсетіледі, бақылау тəртібі анықталады. Бұл жоспар қызметтің барлық түрлерін — өндірістік, маркетингтік, қаржылық қызметті үйлестірудің негізіне айналады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. А. Б. Рахимбаев, “Маркетинг теориясы жəне практикасы”, Алматы, 2009