Мазмұнға өту

Мерв

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мерв

Мерв (түрікм. Merw) — Орта Азия Түрікменстандағы Мургаб өзені жағасында орналасқан Байрамалы қаласы маңындағы ежелгі қала. Мерв көне қаласы Самарқанд пен Бағдат арасындағы жібек жолы түйініне орналасқан. 1999 жылы ЮНЕСКО оны әлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізді.

Мургаб (ежелгі парсыша Мургаш, гр. Маргиана; Ἀντιόχεια τῆς Μαργιανῆς) өзені аймағындағы тарихи облыста “Мерв” деп аталған.

Қысқаша тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мерв б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасында пайда болып, б.з.б. 3–2 ғасырлар және б.з. 11–12 ғасырларында гүлдену дәрежесіне жеткен.

Б.з.б. 329–328 жылдары грек-македон әскерлері Маргиананы жаулап алып, онда Александрия қаласын (Ἀλεξάνδρεια) және 6 қамал-бекініс салды.

Б.з.б. 292 жылы Селевк І өз ұлы Антиохты Маргиананың билеушісі етіп тағайындады. Ол Мерв оазисін 250 км-ге дейін жететін қорғаныс дуалдарымен қоршап, Маргиана Александриясын көркейтті. Гяурқаланың ауданы 3,5 км²-ге, Эргқала қорғаныс мұнарасының ауданы 0,2 км²-ге жетті. Қала сыртында ірі құл иеленушілердің сарайлары, қауым мүшелерінің, қолөнершілердің үйлері, ғибадатханалар орналасты Мервтің айналасы ұзындығы 27 км дуалдармен қоршалды.

Мерв 224 жылы Сасани әулеті билеушілерінің қол астына өтті.

7 ғасырдың ортасынан арабтарға бағынды.

9–10 ғасырларда Мерв сауда мен қолөнердің ірі орталығына айналды. Мешіттер, керуен сарайлары, медреселер мен кітапханалар салынды.

10 ғасырда Мервтік ақын Масуд көне халықтық аңыздардың негізінде «Патшалар кітабын» («Шах-Наме») жазды. Араб жазушысы Истахри өзінің «Мемлекеттік жолдарының кітабында» (951) бұл қаланың тазалығы, әдемілігі, сауда-саттық, қолөнері мен бау-бақшалары жөнінен Хорасанның басқа қалаларының бәрінен де ерекше екендігін жазған.

Серахстан шыққан шебер Мұхаммед ибн Атсыздың басшылығымен салынған Санжар сұлтанның кесене-монументі (12 ғасыр) ежелгі Мервтегі сәулет өнерінің тамаша ескерткіші болып табылады. Кесене Мервтің сұлтан сарайы мен мешіт орналасқан орталығындағы кешен құрамына енді.

11–12 ғасырларда Мервте төрт бұрышты жобамен салынған Шахрия Арк пен Мұхаммед ибн Зейд кесенесі (1112/13), құмырашылар ауданы, керуен сарайлары мен әкімшілік ғимараттары бой түзеді.

Мерв 12 ғасырдың соңы мен 13 ғасырдың басында Хорезмшах мемлекетінің басты орталығына айналды. 1222 жылы Мервті монғолдардың Тулуй бастаған әскері қиратты.

1409 жылы Әмір Темірдің баласы Шахрух Мервті қайта гүлдендіруге тырысты. Ішінара жандану процесі жүргенімен Мерв өзінің әуелгі деңгейіне жете алмады.

1510–24 және 1601–1747 жылдары Мерв парсылардың Сефеви әулетінің қол астында болды.

19 ғасырда біржола күйреп, орталығы шығысқа қарай 30 км қашықтықтағы Мары қаласына ауысты.[1]

Бауырлас қалалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мервке бауырлас қалалар тізімі:

  1. Түркістан, Қазақстан
  2. Тараз, Қазақстан
  3. Ниса, Түрікменстан
  4. Көне Үргеніш, Түрікменстан
  5. Балх, Ауғанстан
  6. Нишапур, Иран
  7. Тебриз, Иран
  8. Хамадан, Иран
  9. Исфаһан, Иран
  10. Бұхара, Өзбекстан
  11. Самарқан, Өзбекстан
  12. Ыстанбұл, Түркия
  13. Конья, Түркия
  14. Бурса, Түркия
  15. Измир, Түркия
  16. Каир, Египет
  17. Лахор, Пәкістан
  18. Санкт-Петербург, Ресей
  19. Эль-Кувейт, Кувейт
  20. Баку, Әзірбайжан
  21. Ухань, Қытай
  22. Загреб, Хорватия
  23. Газа, Палестина
  24. Иерусалим, Израиль
  25. Худжанд, Тәжікстан
  26. Венеция, Италия
  27. Медине, Сауд Арабиясы
  28. Мекке, Сауд Арабиясы
  29. Бағдат, Ирак
  30. Кербела, Ирак
  31. Киркук, Ирак
  32. Дамаск, Сирия
  33. Алеппо, Сирия
  34. Дубай, Біріккен Араб Әмірліктері

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]