Митрофан Васильевич Левченко
Көрініс
Митрофан Васильевич Левченко (1890 жыл 23 қараша, Суджа - 1955 жыл 22 қаңтар, Ленинград) - Византия тарихын зерттеуші ғалым, профессор (1938), тарих ғылымдарының докторы (1941).
Еңбек жолы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1925 жылдан КОКП мүшесі. 1939 жылы КСРО ҒА Тарих институтының Ленинград бөлімшесінде Византия тобын ұйымдастырды. 1940-1944 жылдары КСРО ҒА Тарих институтының Ленинград бөлімшесін, 1944-1950 жылдары Ленинград университетінің Византия тану кафедрасын басқарды. Ол - Византия тарихын тұңғыш рет маркстік тұрғыда жазған ғалым.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том