Мазмұнға өту

Мозес Гесс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Гесс Моисей (1812-75) - неміс ұсақ буржуазия публицисі және философы. Бастапқыда жас гегельшілдерге қосылды ("Еуропа триархиясы", 1841). Философиялық коммунизмнің қалыптасуында үлкен роль атқарды. Гегельдің және ең алдымен Фейербахтың іліміне, франциялық утопиялық социализміне сүйене отырып, Гесс өз тұсындағы қоғамды сынады, оның негізгі кеселі адамның "шын мәнін" мансұқ етуде деп білді. Жекеменшікпен, еңбектің күштеу сипатымен жіне т. б. жаттанулардан арылу үшін әлеуметтік рев. қажет. Алайда Гесс оны пролет-тің таптық күресімен байланыстырмай қарады, түптеп келгенде ол адамдарды рухани азат етуге, абстрактілік гуманизм принциптері мен альтруизмді орнықтыруға сайды. "Материяның динамикалық теориясы" (1877) деген соңғы, аяқталмаған еңбегінде Гесс өзінің социалистік көзқарастарына табиғи-ғылыми түсінік беруге тырысты.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ энциклопедиясы" - Философиялық сөздік