Мазмұнға өту

Моноклиналь

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Моноклиналь, моноклиналь жатыс (моно… және грекще klyno – еңкейемін) — тау жыныстары қабаттарының бір бағытта және бір бұрыш жасап еңіс жатқан құрылымы. Қабаттардың еңіс орналасуы тау жыныстарының барлық тектоник. бұзылыстарында, сонымен қатар магмалық интрузиялар бұзған жарылыстарында кездеседі. Моноклиналь, әсіресе, платформаларға тән. Моноклиналь әдетте үлкен аумақты қамтитын көтерілімдер мен ойпаңдардың (еңістік бұрышы өте аз антеклизалар мен синеклизалардың) тек бір қанаты болады. Беріктігі әр түрлі қабаттардан тұратын Моноклиналь құрылым жер бетінде ұзынынан созылған әр түрлі бедер пішіндерін жасайды, ал берік қабаттары қырқалар мен жалдар түрінде байқалады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет.