Мазмұнға өту

Мұхаммед Йақуб Бұхари

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мұхаммед Йақуб Бұхари

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мұхаммед Йақуб Бұхари, Мұхаммед Йа’куб ибн Әмір Мұхаммед Данийал би аталық (шамамен 1770 – 1830) – тарихшы, Бұхарадағы Маңғыттар әулетінің екінші билеушісі Данийал би аталықтың 12 ұлының бірі. Өзінің шығу тегі мен әлеуметтік жағдайына байланысты автор өз әміршісі жөнінде жағымпаздық пен мадақтау мәнерінде баяндауды талап ететін сарай тарихшылары дәстүрін сақтамай, оқиғалар мен олардың даму барысын неғұрлым еркін әңгімелеуге қол жеткізген. Ол парсы тілінде жазылған “Гүлшан әл-Мүлк” (“Патшалар гүлзары”) пен “Тарих-и-Амиран-и-Мангиттаийа” (“Маңғыт әмірлерінің тарихы”) атты тарихи шығармалар жазған. Автор өзі тікелей пайдаланған еңбектерді атамайды, дегенмен “Патшалар гүлзары” мен “Маңғыт әмірлерінің тарихы” Мұхаммед Йақуб Бұхаридың жеке бақылауларының негізінде жазылғаны ешбір күдік тудырмайды. Шығармалар Мұхаммед пайғамбардан (ғ.с.) бастап, маңғыттардың билік құру кезеңімен аяқталатын тарихты қысқаша баяндаған.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

200 сұрақ Мұрағатталған 4 наурыздың 2010 жылы.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ энциклопедиясы, 6 том.