Мазмұнға өту

Нина Барлыбаева

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет



туып өскен Семей шаһары

Нина Барлыбаева Ахметқызы (20.11.1924 жылы туған, Семей) — ғалым, медицина ғылымының докторы (1970), профессоры (1972), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961). Қазақ медицина институтын (қазіргі Қазақ мемлекттік медицина универстиеті) (1945), оның аспирантурасын (1951) бітірген. 1952—1965 жылдары Қазақстан Денсаулық сақтау минстрлігінің Педиатрия ғылыми-зерттеу институтында бала ауруларынан сақтану және оларды емдеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері, меңгерушісі, директордың орынбасары, 1965—1992 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина институтының кафедра меңгерушісі, деканы (1968 — 1979) болды, 1992 жылдан профессор. Негізгі ғылыми еңбектері кардиология мәселелеріне арналған. Барлыбаева балаларда (соның ішінде жаңа туған сәбилерде) жүрек-тамыр, бүйрек, өкпе ауруларының патологиясы, миокардит, гипервитаминоз, рахит ауруларының белгілерін анықтау, емдеу және олардан сақтану ерекшеліктерін зерттеді. Халықаралық симпозиумдарда ғылыми баяндамалар жасады (Түркия, 1994; Египет, 1995). [1]

Ш ы ғ а р м а л а р ы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ревматизм у детей на современном этапе, А.-А., 1974; Специфическая профилактика рахита и побочные действия витамина D, А.-А., 1984; Неревматический кардит (учебно-методическое пособие), А.-А., 1990; Особенности клиники болезни Рейтера у детей, Тула, 1997.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы
  • Ревматизм у детей на современном этапе, А.-А., 1974;
  • Специфическая профилактика рахита и побочные действия витамина D, А.-А.,
  • 1984; Неревматический кардит (учебно-методическое пособие), А.-А.,
  • 1990; Особенности клиники болезни Рейтера у детей, Тула, 1997.