Охрид
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
Охрид – Македония Республикасындағы Орхид көлінің шығыс жағалауында орналасқан қала. Халық саны – 55,8 мың адам.
Қала Тирана қаласының шығысында және Скопье қаласының оңтүстік-батысында орын тепкен. Қала бюджетінің көп бөлігін туризм саласынан түсетін қаржы құрайды. Себебі тарихи мекенжайлар мен қаланың әсем ғимараттары саяхатшылардың көптеп келуін қамтамасыз етеді.
Көптеген тарихшының болжамы бойынша Охрид атауы славян тілінде «тау үстінде» деген мағынаны білдіреді. 1979-1980 жылдары Охрид қаласы мен Охрид көлі ЮНЕСКО әлемдік мұра қорлары тізіміне енген.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Археологиялық қазбалар қала тұрғындары ежелден бері христиан дінін ұстанғанын дәлелдеп отыр. Рим және Византия империясы қалаға үстемдік еткен тұста Охрид маңызды сауда пунктіне айналды. 5-6 ғасырларда қалаға славян халықтары қоныстана бастады.
861 жылы Болгария құрамына еніп, қалаға Охрид атауы беріледі. Кириллица әліпбиі дәл осы Охрид қаласында пайда болғандығы жөнінде деректер табылған. Охрид атауы 879 жылғы деректерде алғаш рет ұшырасады. 1394 жылы қала Осман империясының қармағына өтіп, 1912 жылға дейін оның иелігінде болады. Болгар этнографы Васил Гынчовтың мәліметтерінше 19-ғасырда қала тұрғындарының саны 14 860 адамды құраған. Бірінші Балқан соғысынан кейін 1913 жылы Охрид Сербияның қолына өтті.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|