Мазмұнға өту

Радиолокация

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Радиолокация (лат. lokatio - орналасу орны) — радиотолқын көмегімен түрлі объектілерді іздеп табу және оның орнын анықтау. Белгілі бір бағытта жіберіліп, жолындағы объектіден шағылған импульс түріндегі толқын экран бетінен импульс түрінде көрінеді. Оның оралу уақыты арқылы объектіден станцияға дейінгі қашықтығы анықталады.

Радиотолқындар, өлшемі толқын ұзындығынан үлкен объектілерден ғана кері шағылатын болғандықтан, іздестірілетін объектінің көлеміне қарай радиолокацияда метрлік, дециметрлік, сантиметрлік толқындар диапазоны пайдаланылады. Бақыланатын объектінің кеңістіктегі орнын анықтау үшін оның мынадай координаталары анықталады: станциядан қашықтығы, азимуты, яғни объектінің солтүстік бағытпен салыстырғандағы бұрышы, көкжиекпен жасайтын бұрышы. Қабылдағышы мен таратқышы бір блок ретінде жасалуынан және олар үшін бір антеннаның пайдалануынан, таратқыш пен қабылдағыш уақыт бойынша кезектесіп жұмыс істейді. Ұшақтарда оның келе жатқан аумағын толық бақылауға мүмкіндік беретін айналмалы экран пайдаланылады.

Радиолокацияның маңызды сипаттамаларының бірі — ажырату қабілеттілігі. Ол —екі объектінің шағылған толқындарын бір-бірінен ажырата алатын арақашықтық: D = 150/tм. Мұндағы t — импульс ұзақтығы. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6